28 тамыздан бастап карантин режимі қалай жеңілдей бастайды?

3904
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/41aedf47-cf2f-4feb-b6bf-da744ec70317.jpeg
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары - "ASHYQ" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне, сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.
Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері: - "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии