Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

3008
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі балаларды иппотерапия арқылы емдеу әдісі практикада кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдіс арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда сауықтыруға болады. 

Жаңаөзен қаласында осы әдіспен емдеу тәсілі жақсы жүйеге қойылып келеді. Мұнайшылар қаласының тұрғыны Әлен Самат есімді азамат жас болса да, бас болып ерекше балаларды өз қамқорлығына алып «Нұр-Әлем» атты ат спорт клубын ашқан.

               

Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалардың тірек-қимыл жүйесін емдеу үшін иппотерапия әдісі қолданылады. Одан қалса оңалту-сауықтыру шаралары тегін жасалады. Жалпы Әлен Саматтың мүмкіндігі шектеулі жандарға жасап жатқан қамқорлығы мен тәжірибесі ескеріліп, 2018 жылы Маңғыстау облыстық Паралимпиадада мәнерлеп жүру, ат спортының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Сол жылы Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы ат спорт федерациясының кубогына мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында өткізілген жарыста оның шәкірттері жүлделі орындарды иеленген.

Бүгінде оның шәкірттері халықаралық деңгейдегі додаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер