Қазақстандағы ауған дипломаты: Халық соғыстан қашып жатыр

3307
Adyrna.kz Telegram

Кабулда не болып жатқанын және тұрғындардың ол жерден қалай кеткісі келетінін жақсы түсіну үшін барлық БАҚ-та таралып кеткен бейнежазбаны көру жеткілікті. Бұл туралы Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі істерінде Уақытша сенім жүктелген өкілі Азиз Омар Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Адамдар соғыстан қашып жатыр. Халық қазір Ауғанстаннан басқа кез келген жерде болуға дайын. Эфиопияға ұшақ болса, олар сол елге де баруға әзір»,– деді дипломат.

Әңгіме барысында Азиз Омар Ауғанстаннан Қазақстанға келгісі келетіндердің көп екенін жеткізді.

«Бұл елде соңғы жиырма жыл ішінде және соңғы екі айда күн сайын 200 адам қайтыс болатынын түсіну керек. Бұл шындық. Егер Қазақстан Ауғанстанға чартерлік рейстер жасай алатын болса, онда көптеген өтініш келіп түсер еді. Әзірге Кабулда соғыс болып жатқан жоқ, алайда көпшілік ертеңі үшін алаңдауда. Қазір ол жақта жарық та, су да жоқ. Мемлекет алдағы күнді болжай алмайтын жағдайда отыр.

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Президент билік өзгермес бұрын елден кетті. Бүгінде Кабулдағы саяси билікті үш адам бақылайды: Ауғанстанның бейбітшілік процесінің басшысы доктор Абдулла Абдулла, Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай және Ислам партиясының жетекшісі Гүлбеддин Хекматяр.

Кеше олар Пәкістанның Сыртқы істер министрімен кездесті. Бүгін Дохаға ұшып кетті. Бәлкім уақытша үкімет құруды сұрайды. Бүгін өте маңызды күн, кешке дейін нәтиже болады деп үміттенеміз»,– деп сенім білдірді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер