Қытай АҚШ-ты Ауғанстандағы миссиясын соңына дейін жеткізбеді деп айыптады

3249
Adyrna.kz Telegram
Ауған мәселесі бойынша АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И сөзге келіп қалды. Телефон арқылы сөйлесу барысында Қытайдың сыртқы істер министрі АҚШ-тың бірнеше қателіктерін басып айтты.
Сөз барысында Ваи И АҚШ-тың 20 жылғы Ауғанстандағы миссиясының перспективасы жоқ әрі ешқандай да саяси-қоғамдық модел жасай алмады. Сондықтан да Ауған мәселесі шешімі табылмаған күрделі мәселе болып сол бойы қалды, деп АҚШ-ты айыптады.
"Бұл әрине, өте үлкен стратегиялық тәуекелді талап етеді. Егер де АҚШ терроризммен күресте Қытай жағында болғанда, бұл Пекин мен Вашингтонның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың да жақсаруына септігін тигізер еді" деп тоқтады.
Қытай елшісі АҚШ-тың Ауғанстанға көрсеткен көмегін жоққа шығармады.
Ауған мәселесі бойынша АҚШ тарапы Қытаймен бірлесе отырып, терроризммен күресуге құлық танытпады, сондықтан да АҚШ өзінің Ауған жеріндегі миссиясын аяқсыз қалдырып отыр, деп түйіндей кетті Қытайдың сыртқы істер министрі.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер