Тәлібтер Кабулды басып алды

3538
Adyrna.kz Telegram

Тәлібтер Ауғанстанның астанасын барлық жағынан қоршауға алған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

АҚШ Кабулдағы елшілік қызметкерлерін тікұшақпен шұғыл көшірді. Осының алдында содырлар Жалалабад және Мазари-Шариф қалаларына бақылау орнатқан болатын. Шаһарлардағы үкімет әскері соғыспай беріле салған.

– АҚШ Президенті Байден әскерін алып кетемін деген сәттен бастап, "Талибан" шабуылды бірден күшейтті. Ауғанстандағы соғыстың себеп-салдары өте күрделі. Адамның қаны суша төгіліп жатыр. Бұл қырғын 40 жылдан бері жалғасып келеді. Сыртқы алпауыт күштердің ауған жеріндегі тартысы азаматтық соғысқа ұласты. Ауғанстанның стратегиялық мүдделердің түйіскен жерінде, оның ішінде Орталық Азияда орналасқаны өзіне сор болып тұр. Менің ойымша, елдің тағдырын ауған халқы жан-жақты келіссөздер арқылы өз қолына алуы тиіс. Бұл – ішкі мәселе, — дейді аналитик Рамиш Салеми.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер