АҚШ-тың бітімгерлік әскери күші Ауғанстанға қайта кіретін болды

4342
Adyrna.kz Telegram
АҚШ президентінің әкімшілігі Ауғанстанға қайтадан мыңдаған әскерді тағы да бітімгерлік жолмен кіргізетінін мәлімдеді. Бұл жолы АҚШ үкіметі Ауғанстандағы өз елшілігінің азаматтары мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осылай жасайтынын айтыпты.
Бұл жайында АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс ресми ақпарат таратты. Нед Прайс мәлім еткен ақпарат The Washington Post-та жарияланды. Қазір Пентагонда осы мәселе талқыланып жатыр.
Нед Прайстың айтуынша, АҚШ-тың әскери бітімгерлік күштері сонда қалады. Әрі олардың әскери әлеуетін арттыру жалғаса береді. Сонымен қатар елшіліктегі персоналдар да сақталады. Бұл Ауғанстан мен АҚШ билігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың сақталуына серпін береді.
Нед Прайс АҚШ Ауғанстанға нақты саны қанша әскер жіберілетінін айтпады. Бірақ мыңдаған деген белгісіз санды айтты. Қазір АҚШ Twitter-інде осы жайында қызу талқылаулар болып жатыр.
Кеше ғана Ресей мен Қытайдың әскери салада бірлескен  "Өзара ықпалдастық 2021" әскери жаттығулары өтіп еді. Соның өзі АҚШ үшін көп дүниенің басын ашып көрсетті. Сондықтан да АҚШ өзінің кәрі құрлықтағы геосаяси ықпалынан айырылғысы келмейтінін көрсетіп, осындай қадамдарға барып отырғаны анық.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
 
 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер