Қызылордалық фермердің 200-ден астам қойы аштықтан қырылып қалды

3805
Adyrna.kz Telegram

Мал азығының жетіспеуінен қызылордалық фермердің қойы қырылды, деп хабарлайды ЭК.

Рустем Құдайбергенов қой шаруашылығымен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Кәсібін бастау үшін ол мемлекеттен төмендетілген пайызбен несие алған. Қуаңшылық кезінде шаруаның бір отар, яғни 650 қойының 217-і аштан қырылған. Себебі — мал азығы жоқ, шөп күнге күйіп кеткен, жеуге жарамсыз.

Қазір ол қалған малын аман сақтап қалу үшін Жезқазған облысындағы танысына өтініш айтып, сол жақтағы жайылымға барды.

Рүстем Құдайбергеновтың сөзінше, мал қырылған кезде оған мемлекеттен ешқандай көмек болмаған.

Бүгінде кәсіпкердің несиесі толық төленіп бітпеген, әлі 100 миллион теңгедей банкке қарызы бар.

Қызылорда облысы, Арал ауданындағы ауылдарда 500-ден аса мал өлген. Өзекті мәселе әлі күрмеуін тапқан жоқ. Мамандар малдың жаппай қырылуының себебін қуаңшылықпен байланыстырды. Мүйізді ірі қара, жылқы, қойға азық жетіспей отыр. Арық мал ауруға шалдығып, аштан қатуда. Күрделі мәселеге алаңдаған қазқстандықтар төтенше жағдай жарияланған Арал ауданына мал азығын жиі жіберіп жатыр.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі жедел іс-шаралар жүргізіп, жағдайдың тұрақталуына жұмыс істеуде. Мемлекет 16,1 миллион тонна (жоспарланған жылдық көлемнің 68% -ы) жем-шөп жинады. Ал ведомствоаралық комиссия 15 тамыздан бастап республика аймағынан жем-шөп әкетуге және жемге арналған астықтың экспортын уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бүгінде Арал ауданында Төтенше жағдайды жоюға бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қызылжар аумағындағы 15 гектар жайылымды, шабындық жерлерді суландыру үшін Бектау каналын тазарту жұмыстарын бастады. Жалпы, 8 каналды тазалау жоспарда тұр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер