Өзеніміз суалып, өзегіміз талмай ма?

2626
Adyrna.kz Telegram

Елімізде су тапшылығы жыл өткен сайын күрделі мәселеге айналып келеді. Оған ірі өзендердің трансшекаралық болуы әсер етуде. 

«Қазақстан Республикасы түрлі табиғат ресурстарына бай болғанымен су ресурстары мемлекет үшін өте өзекті мәселелердің бірі де бірегейі. Елімізде 39 мыңнан астам ірілі-ұсақты өзендер, 48 мыңнан астам көлдер орналасқан. Сонымен қатар, республикада мұздықтар түріндегі тұщы судың үлкен қоры бар. Дегенмен, сумен қамтылу көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орынды иемденеді» – делінген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының «Сыртқы саясат» кафедрасының аға оқытушысы Ж. Ә. Каринбаевтың «Трансшекаралық өзендер бойынша көрші мемлекеттермен, шекара маңы өңірлерімен ынтымақтастығы» атты мақаласында.

Оның пайымдауынша, жер бетіндегі су ресурстарының тек жартысы ғана ел аумағында түзіледі. Ал қалған бөлігі көрші мемлекеттердің аумағынан, атап айтқанда: Қытайдан – 18,9; Өзбекстаннан – 14,6; Қырғызстаннан – 3; Ресейден – 7,5 текше шақырым су ағып келеді. Су тапшылығы халықаралық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық мәселе. Оған демографиялық фактор мен үлкен көлемдегі су ресурстарын қажет ететін өнеркәсіптің дамуы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі саяси ахуалдың бүгінгі сипаты да себеп болуда.

Можно ли ждать от Китая уступок по трансграничным рекам? | Общая Газета

Расымен де, сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Еуразия құрлығында су тапшылығы жоғары деңгейдегі елдердің бірі. Республиканың жер үсті суларының жартысына жуығы (44,9 текше шақырым) көрші мемлекеттер аумағынан келеді. Соңғы 15 жылда Қазақстанда жер үсті суларының табиғи ресурстарының азаюы байқалды.

Онымен қоса Қазақстанның орта және шағын өзендерін қоспағанда бастауын Қытай, Ресей, Қырғызстаннан алатын, Өзбекстан арқылы ағатын Ертіс, Жайық, Сырдария және Іле сынды ірі өзендері қатты ластанған. Бірақ, сөз болған іргелес мемлекеттердің бірде-бірі су ресурстарының трансшекаралық ластануы бойынша Конвенцияға қосылмады. Тиісінше, көпжақты және екіжақты келіссөздер өткізіп, бірлесе мониторинг жасау, ортақ трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алуға мүмкіндік беретін келісімдер жасасу бойынша жұмыс та төмен деңгейде қалып отыр.

Соның салдарынан Ертіс өзенінің бассейні химия, мұнай өңдеу, машина жасау өнеркәсібі және түсті металлургия кәсіпорындары суға лақтыратын қалдықтарының кесірінен көп ластанады. Онымен қоса Ертіс дүниежүзіндегі ең лас өзендердің қатарында. Ертіс өзеніне лақтырылатын қалдықтардың кесірінен ол аса ауыр халде. «Өндіріс экологиясы» ғылыми-тәжірибелік журналының мәліметі бойынша 2000 жылы ғана Ертіс өзенінің бассейніне ағынды сулармен 86 390 тоннаға жуық ластаушы заттар лақтырылды, оның ішінде металлургия мен тау-кен кәсіпорындарының улы металдары: мырыш – 125,6 тонна, мыс – 5,48 тонна, қорғасын – 0,76 т.

Одно неверное слово Улукбека Марипова, или Чего боятся жители Баткена » Общество » www.24.kg - КЫРГЫЗСТАН

Семей қаласындағы екі тазарту қондырғысының ағынды суы Ертіс өзеніне 418,1 тонна әр түрлі металдардың қосындысынан туындаған қалдықтар лақтырады. Су қоймасы (28,1 - 32,02%-ға) хром, мырыш, мыс, стронций, никельден көп ластанады.

Оған қоса Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына 2021 ж. 9 сәуірде Ертіс өзенінде балықтардың қырылғандығы туралы ақпарат келіп түскенін хабарлады хабар.24.kz. Әрине, ақпан айынан бері Ертіс өзенін тазарту жұмыстары жүргізіле бастады. Судағы қоқыстың басым бөлігі – браконьерлер қалдырып кететін ау құралдары. Аймақтық инспекция мамандары бастаған ауқымды экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер мен құтқарушылар да атсалысып жатыр. Бірлескен топ өзеннен 1 жарым тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарғанын хабарлаған болатын хабар.24.kz. Бірақ бұл мәселеге халықтың өзінен артық ешкімнің де шаруасы жоқ көрінеді.

Ол да түсінікті. Жекелеген мемлекеттер, оның ішінде көрші бауырлас мемлекеттер де өзінің сыртқы саясатында су ресурстарын саяси басымдығы ретінде пайдалануда. Бірақ, Қазақстан халықаралық заңнамаға сүйеніп, ортақ су ресурстарына қатысты мұндай ұстаныммен ешқашан келіспейтіндігін ұдайы білдіріп келеді.

Онымен қоса, «Батыс Қазақстан облысындағы су шаруашылығын жақсарту мақсатында Қараөзен мен Сарыөзенге 132,9 млн. текше метр Еділ суын алу үшін 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің кіші бағдарламасы бойынша 3,5 млрд теңге қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданғаны белгілі болды – деп хабарлады Egemen Qazaqstan. Жалпы, бүгінде Қазақстаннан бөлінген қаражат Саратов каналы арқылы 54 млн. текше метр, Волгоград облысынан Палласов жүйесі арқылы 21 млн. текше метр су алуға жетеді. Ал қосымша қажеттілік 131 млн текше метрді құрайды. Алайда суды жеткізу үшін кететін шығындарды өтеуге қаражат мәселесі шешілмей отыр.

Соңғы жылдары Қараөзен мен Сарыөзеннің айдындары тартылып, айналасындағы шағын көлдер де жоғалуға таяу. Өзен бойында орналасқан кішігірім су қоймалары бос тұр десе болады. Соның салдарынан балық пен мал қырылуы мүмкін.

Засуха: что это, причины возникновения, виды, последствия, борьба

Ең қызығы – жалпы ел бойынша соңғы 5 жылда экономиканың барлық салаларында жыл сайынғы су тұтыну көлемі орташа 22,1 км³ құрады – деп жазылған жобаның берген есебінде. Ал 2021 ж. санауы бойынша, қаражат қорында 181,7$ млд. бар (бұл шамамен 77 106,28₸ млд.).

Егер жыл сайын жалғыз судың өзіне осыншама қаражат жұмсала беретін болса, ел қазынасы көп ұзамай күрт кемитіні сөзсіз.

2015 жылдың 25-ші қаңтарында БҰҰ Генерал Ассамблеясы «Әлемді қайта құру: тұрақты даму үшін 2030 күн тәртібі» жобасы аясында барлығын су ресурстары мен санитарияға қол жетімділікті және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету міндеттелгенмен, процесс өте баяу жүруде, ал нәтиженің ұшы да жоқ.

Тағы айтарымыз, Қорғас өзенінің шекарасында Қазақстан мен Қытай су қоймасын салғалы жатыр, оның көмегімен олар жергілікті алқаптарды суару мәселесін реттеуге үміттенеді. Алайда «Қазсушардың» Алматылық филиалы бұл жоба туралы Экология министрлігімен келіспеген, онда «алдағы уақытта жүзеге асатын жобадан хабарсыз екендерін» мәлімдеген.

Қазақстан мен Қытай «Достық» құрама гидро электр стансысында су қоймасының құрылысы туралы Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасовтың өңірге жұмыс сапарымен келгенінде белгілі болды.

Осымен бірнеше жыл бұл гидро электрлік кешенде көрші мемлекеттен өте аз су ағымы байқалды, олар мұны ұзақ уақыт бойы аймақтың климаттық жағдайының өзгеруіне байланысты деп ойлады. Алайда, Қазсушардың Алматыдағы филиалының мәліметінше, жыл сайын суару жағдайының нашарлауы қазақстандық фермерлерінің ызасын қайнатыпты, сондықтан жағдайды шиеленістіріп алмас үшін жергілікті билік Қорғас өзенінде су қоймасын салу арқылы мәселені шешпек болды.

«Қазсушар» РМК Алматы филиалы Панфилов өндірістік учаскесінің басшысы Тұрысбек Нұрахметов «облыстың негізгі проблемаларының бірі – суармалы судың жетіспеушілігі, ол экологиялық жағдайға байланысты. Мысалы, тауларда мұздықтардың азаюы байқалады, бұл су ағуының мөлшерін азайтады. Екі ел де осы өзен суын тең бөледі» – деді. Сондықтан дауды Алматы облысы Панфилов ауданы Баскунчан ауылының аумағында орналасқан «Достық» құрама гидро электр стансысында су қоймасын салу арқылы шешуді ұсынады.

Бірақ бұл ҚХР мен ҚР арасындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАР) аумағында Іле өзені ағынының бөлу мәселесін шешпейді. Іле өзені ағынының жоғарғы шығыс бөлігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының аумағында өзен бассейнінің негізгі бөлігін құрайды, ал Алматыда оның ортаңғы және төменгі бөліктері ғана орналасқан.

Қытай мен Қазақстан үшін трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану мәселесі 70-80 жылдардан бастау алады. КСРО кезінде ҚХР-мен трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мен қорғау мәселелерін реттейтін мемлекетаралық келісімді әзірлеу туралы шешім қабылданғанмен, тараптардың бұл мәселеге әр түрлі көзқарастарына байланысты мәселенің түпкілікті шешіміне қол жеткізілмеді.

Қазақстандағы 8 су бассейнінің жетеуі трансшекаралық. Нәтижесінде, Қазақстан көршілес елдердің – Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанның және Ресейдің су басқару саясатына тәуелді.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша дәстүрлі келіссөздер өте күрделі. Бірақ, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтқандай, қазіргі уақытта келіссөздер процесінде көзге көрінерлік нәтиже бар және жақын арада тиісті келісімдерге қол қойылады.

- Қытай Халық Республикасымен келіссөздер жүргізу өте қиын. Мен Қытай ешбір шекаралас елмен су тарату туралы келіссөз жүргізбейтінін айтқым келеді. Қазақстан – ҚХР-мен келіссөз жүргізетін алғашқы және жалғыз ел. 2013 жылы Қорғас трансшекаралық өзенінде бірлескен ГЭС салынды және бірлесіп, пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бүгінде екі жақ тарап та гидроэлектрлік кешенді жақсы басқаруда. Сондай-ақ, 2019 жылдың соңында Сумбе өзеніндегі бірлескен гидротехникалық құрылысты қайта құру аяқталды. Жақын арада бұл нысанды бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойылады – деді министр.

2001 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары туралы қол қойылған келісім-шарт бойынша трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісіммен реттеледі. Келісімді іске асыру үшін трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы құрылды. Сонымен қатар сарапшылардың жұмыс тобы құрылды, ал 2003 жылдан бастап, 2020 жылға дейін комиссияның 17 отырысы және сараптамалық топтың 16 отырысы өткізілді.

Өзбекстанмен су қатынастары Сырдария өзенінің бассейніне қатысты жүзеге асырылады және 1992 жылғы құжат бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан арасындағы «Мемлекетаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы» бесжақты келісім аясында реттеледі».

- Сырдария өзеніндегі бессейнінің басты мәселесі – Кеңес Одағы кезінде су ресурстарын бөлуге байланысты ескі тәртібінің бұзылуы. Елдер тәуелсіздік алғаннан бері суды басқарудың дербес саясатын жүргізіп келеді және көп жағдайда төменгі ағысындағы елдердің мүдделерін ескермейді. Негізгі су қоймалары орналасқан Қырғызстан мен Тәжікстан елдері электр энергиясын өндіруден пайда көруге үміттенсе, төменгі ағысындағы елдер Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығы өнімдерінен пайда көруге үміттенеді. Бірақ Қазақстан төменгі ағысында орналасқан ел ретінде вегетациялық кезеңде суармалы судың тапшылығын қатты сезінеді. Осыған байланысты суармалы судың қажетті көлемін алу үшін біз тараптардың әрқайсысымен жеке келіссөздер жүргізуге мәжбүрміз – деп мәлімдеді Мағзұм Мырзағалиев.

2020 жылы Қазақстан Қырғызстанмен жасасқан 330 миллион текше метр көлемінде Тоқтағұл су қоймасынан қосымша су ағызуды қамтамасыз ету үшін электр энергиясын айырбастауды жүзеге асыру туралы жеке хаттамаға қол қойылды.

Реки Казахстана — Википедия

Бұдан бөлек Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасында Бакри Тәжік су қоймасының жұмыс режимі мен Достық каналы арқылы су беру туралы үшжақты хаттамаға қол қойылды, нәтижесінде вегетациялық кезеңде Түркістан облысының Жетісай мен Мақтаарал аудандарында суармалы суға деген қажеттілігі қанағаттандырылды.

Мырзағалиев 2020 жылы Өзбекстанмен елеулі жұмыс жасалғанын және осы жазда проблемалық мәселелердің барлық спектрін қамтитын су қатынастары саласындағы ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылғанын, оларды шешу мерзімін анықтайтынын айтты.

Қырғызстанмен трансшекаралық өзендер саласындағы ынтымақтастық Шу мен Талас өзендерінің бойында жүзеге асады және су ресурстарын бөлу 1983 жылғы келісіммен реттеледі: Талас: 50/50%, Шу: 42% – Қазақстан және 58% – Қырғызстанға тиесілі.

Онымен қоса, 2000 ж. бері екі өзендегі мемлекетаралық су объектілерін пайдалану туралы үкіметаралық келісім бар.

Ресеймен су қатынастары 2010 жылғы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау туралы келісіммен реттеледі, екі елдің үкіметаралық комиссиясы мен Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен, Сарыөзен және Қиғаш өзендері бойынша 6 бөлек жұмыс тобы жұмыс істейді.

- Соңғы жылдары судың төмендеуіне байланысты Жайық өзенінің экологиялық жағдайы ерекше уайым туғызды. Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумы кезінде Жайық өзені бассейнін қалпына келтіру бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің бассейні үшін ұқсас бағдарламаны әзірлеу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда осы бағдарламалардың жобаларын бекіту рәсімдері жүргізілуде – деп айтқан болатын министр.

Айта кетелік, 2019 жылғы Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдарға «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі ұлттық баяндамасында 90 өзен,

14 су қоймасы, 31 көл, 3 канал, 1 теңіз тексеріліп, арасынан лас жоғары деңгейіне 16 өзен, 14 көл: Брекса, Тихая, Үлбі, Глубочанка, Елек (Ақтөбе), Ақтасты, қара Қобда, Желқуар, Обаған, Сілеті, Жабай, Қара Кеңгір, Сарысу, соқыр, Шерубайнура, Ырғайты, Шалқар көлдері (БҚО), Қопа, Бурабай, Үлкен Шабақты, Щучье, Кіші Шабақты, Жөкей, Текекөл, Қарасу, Қатаркөл, Теңіз, Балқаш (Алматы), Алакөл, Жалаңашкөл, Жалаңашкөл (Алматы) өзендері кіретіні анықталды.

Ластанудың өте жоғары деңгейіне 4 өзен және 1 көл: Красноярка, Ақсу (Ақмола), қылшықты, Шағалалы өзендері, Майбалық көлі кіреді.

Ал 2017 жылдың санағы бойынша ластанудың жоғары деңгейіне 23 өзен, 8 көл, 1 су қоймасы кіреді: өзендері Брекса, Тихая, Ульби, Глубочанка, Красноярка, Елек (Ақтөбе), Қарғалы, Қосестек, Орь, Ырғыз, Темір, Тобыл, Айет, Обаған, Сарыбұлақ, Жабай, Қара Кеңгір, соқыр, Шерубайнура, Қорғас, Емел (Алматы), Қарабалық, Келес өзендері, көлдер: Үлкен Шабақты, Щучье, Кіші Шабақты, Қарасье, Лебяжье, Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, су қоймасы. Қаратомар;

Ластанудың өте жоғары деңгейінде 2 өзен және 1 көл: Қылшақты, Шағалалы өзендері, Майбалық көлі екені анықталды.

Салыстыру үшін, 2016 жылы ластанудың жоғары деңгейінде 33 өзен, 13 көл, 3 су қоймасы, 1 арна, ал ластанудың өте жоғары деңгейінде Майбалық көлі болды (ҚР ЭМ КЭРК деректері бойынша, көл шаруашылық-тұрмыстық қызметтен ластанбайды).

Рамазан Есмағамбет

 

Пікірлер