Жыл басынан бері 270 мыңнан астам ауғандық үйінен айрылды

3359
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстандағы ұзаққа созылған дағдарыстың салдарынан жыл басынан бері 270 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Euronews БҰҰ мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, мемлекет ауыр гуманитарлық дағдарыстың алдында тұр. Ол көптеген балаға кері әсерін тигізіп жатыр. Соңғы екі айдың ішінде елдегі зорлық-зомбылық деңгейінің өсуіне байланысты олардың 80 мыңнан астамы үйлерінен айрылған. Құрбан болғандардың жартысына жуығы әйелдер мен балалар.

Дағдарыс бұл елдің тұрғындарымен қатар Еуропаға да ауыр зардаптар әкелуде. Соғыстан қашуға мәжбүр болған Ауғанстанның көптеген азаматты Еуропа елдерінен пана іздеп жүр.

Айта кетейік, Германия канцлері Ангела Меркель шілдеде мемлекеттің барлық мәселені шешуге ресурсы жоқ екенін және босқындарды қабылдай алмайтындығын мәлімдеді. Түркия билігі де көші-қонның өсуі туралы хабарлады. Өткен айда бұл ел Ауғанстаннан келген 27 мыңнан астам адамды Иран шекарасында ұстаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер