Абайдың заманындағы қазақ осы уақытқа дейін мүлдем өзгерген жоқ!

5355
Adyrna.kz Telegram
АБАЙДЫҢ КЕЗІНДЕ ІНДЕТПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСКЕНІМІЗДІ БІЛЕСІЗДЕР МЕ?
(4-ші томдығында)
Абай өзінің ұлы мен келінін оқуға шығарып салуға Семей қаласына келгенде, бұл жақта сұмдық індет таралып халық қырылып жатады. Абай мән-жайға қанығып болғансоң Семейдің орталық мешітінің имамы Сарымоллаға барып, халықтың шамадан тыс шоғырланып жиналмауын, кісі өлімі болған жерлерге жаназа мен жетісі-қырқына молда мен бірер туысқанынан басқа адамдардың қатыспауы жайлы халыққа үкім шығаруын сұрайды. Себебі, мына індетті тоқтатудың бірден-бір жолы осы екендігін орыс досының доғдыр әйелінен сұрап алған еді.
Жұма намаздан соң мешіт имамдары халыққа "Бұл құдайдан келген сынақ. Сондықтан, бұрынғыдан да көбірек мінәжат жасап, қайыр-садақаларын көбейтуді...." айтып тарқаса бастағанда, Сарымолла орнынан тұрып Абайдың айтқандарын халыққа өсиет қылады. Індет тарқағанша ешқандай өлім-жітімге жиналмауға, мешітке келуді доғара тұруға, барынша оқшаулануға.
Бірақ, Сарымоллаға өзге молдалар қарсы келіп "діннен, ата-баба жолынан айныған, Құдайдың әміріне қарсы шыққан" ға апарып, бір молдаға бес молда қарсы келіп айтысып тарқайды.
Бірақ, Абай мен Сарымолланың сөздері басым түсіп, халық жаназа мен жетісі-қырқына жиналуды қойып, өлген үйден ас ішуді доғарады.
Сөйтіп жүргенде Семей қаласына аты шыққан бір байдың әкесі індеттен қайтыс болып, әлгі бай "Абай деген кім еді сонша?! Ата-баба жолы, дәстүрім..." деп жаназасына мал сойып мол дастархан жайғызады. Бірақ, әкесінің жаназасына өзіне етене-жақын оншақты бай-бағланнан басқа ешкім келмей қатты састырады. Әкесін жерлеп келіп, қалған бес-алты байлар отырып "Әкемізді осыншалық масқаралықпен жерлейміз деп кім ойлаған! Әлгі, Абай деген оңбағанның шығарып жүргені... Бұл қорлығыңды ұмытпаспыз! Сарымолла екеуіңді ме...!" десіп кіжінесіп, кек қайтару жағын ойласып отырған жеріне келіп тоқтадым.
Оооооу!
Ағайындар! Біз әлі күнге сол қазақ екенбіз!
Өзгерген ештеңеміз жоқ!
Абайдың жазығы қазақты індеттен аман алып қалу үшін шырылдағаны ма?!
Оған қастық ойласардай не жазығы бар еді? "Кәпір орыстың" айтқан ақылын елге жариялағаны ма?
Қазір де дәл солай жасырынып той жасап, ұсталып қалып штраф төлесең полициямен үкіметті қарғап отырған кейіпіміз сол заманнан өзгермеген надандығымыз емеспе?!
Вакцина алып, той-жиынды тоқтатып, індеттен елді аман қалуды неге ойланбаймыз? Вакцинациядан басқа ешқандай жолы жоқ құтылатын. Спутник, басқа деп таңдайтын да түгі жоқ. Барлығы да бір мезетте дайын болған вакциналар.
Абай жолын оқысаңыздар қазақты да, өзіңіздің болмысыңызды да танисыздар.
Рүстем ӘШЕТАЕВТЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер