Түркиядағы алапат өрт 2000 гектар орман алқабын жойып жіберді

4628
Adyrna.kz Telegram
Түркияның Мұғла провинциясында ауа райының аптап ыстығына байланысты алапат өрт шықты. Өрттің күшті болғаны соншалықты, қалың нулы ормандарды жайпап, жағажайдағы демалыс орындарына да жетті.
Мамандар өрттің шығу себебі электр трансформаторының ақауынан болған деп болжам жасап отыр. Екінші себебі, өртті қолдан қасақана жасады деген деректер де бар. Өрт салдарынан жағажайда демалып жатқан туристтердің де зарбап шеккені жайында ақпараттыр шықты. Қайтыс болған адамдардың да дерегі тіркелді. Жағажайда орналасқан кейбір яхталар мен катерлер де өртеніп кеткен.
Ауа райын болжаушы мамандар алдағы уақыттарда ауа райының аптап ыстығы жалғасады деп болжауда. Соған байланысты қазір ел үкіметі жедел қауіпсіздік шараларына кірісті.
Қазіргі мәліметтер бойынша Түркияда 2000 гектер алқаптағы ормандар жойылып кеткен. Өрттің шарпыған аумағы 4 есеге дейін ұлғайған.
Осы табиғи апатқа байланысты ҚР СІМ ресми ақпарат берді. Министрліктің айтуынша, Түркияда өрттен зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер