Сауда және интеграция министрлігі: Азық-түлік бағасы 10%-ға өсті

3023
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне "Азық-түлік бағасын ұстап тұруға былтыр 30 млрд. теңге, ал биыл 50 млрд. теңге қаржы бөлініпті. Жыл басынан бергі ресми статистика бойынша азық-түлік бағасы 6,7% өскен. Бейресми тіпті көп дейді. Бұл экономиканың нашарлағанының көрсеткіші ме?" деген сауал жолдаған еді. Сауалымызға төмендегідей жауап алдық. Жауап мәтінін өзгертпей, толық беруді жөн көрдік. Министрлік жауабы:

Ішкі сауда қағидаларына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын қоспағанда тауарларға бағасларды еркін айқындайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында Министрлік апта сайынғы негізде олардың бағаларына мониторинг жүргізеді. 2021 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басымен салыстырғанда 10%-ке өсті.

Ағымдағы жылдың басынан бастап барлық тауарлар арасында сәбіз 175,5%-ке, картоп 67,7%-ке, күнбағыс майы 21,9%-ке, пияз 19,9%-ке, қарақұмық жармасы 12,8%-ке, қант 11,2%-ке едәуір қымбаттады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 16-сы бойынша баға өсімі байқалады.
Рожкиға бағалар тұрақты. Бағаның төмендеуі күріш (-7,7%) және жұмыртқа (-6,1%) бойынша байқалады.
Көкөністердің маусымдық баға өсімі (қорларының қысқаруы мен қымбат бағадағы импорт) және тауарлардың әлемдік баға өсімінің ішкі нарыққа әсері баға өсімінің негізгі себептері болып табылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі негізгі шаралар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және «айналым схемасы» шеңберінде жеңілдікті қарыздар беру болып табылады.
Жыл басынан бері тұрақтандыру қорларынан 24,5 мың тонна азық-түлік іске асырылды, 9,3 мың тонна сатып алынды.

Ағымдағы жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша тұрақтандыру қорларында 18,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар, оның ішінде ұн – 9,7 мың тонна, қант – 3,3 мың тонна, макарон – 1,4 мың тонна, күріш –
0,9 мың тонна және т.б. бар.

Сонымен қатар, шамамен 31,8 мың тонна тауар, оның ішінде 15,9 мың тонна картоп, 5,3 мың тонна пияз, 5,3 мың тонна сәбіз және т.б. жеткізуге форвардтық шарттар жасалды.
Жергілікті бюджеттерден «айналым схемасы» бойынша жеңілдікті қарыздар беруге 33,2 млрд. теңге бөлінді.
Бағалардың маусымдық ауытқуы кезінде тұрақтандыру қорларындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтық бағадан 20-30%-ке төмен, «айналым схемасы» шеңберіндегі тауарлар нарықтық бағадан 25-40%-ке төмен бағада сатылады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 наурыздағы отырысында мақұлданған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жол картасының
іс-шараларын орындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік өнімдерінің нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен молықтыру бойынша жұмыс жүргізуде, ағымдағы жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сатып алынатын өнімдер тізбесін 9 дақылға дейін кеңейтті: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы, соя.

Бүгінгі күнге рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы 7 өңірдің аумағында қолданылады. Бағаларды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 наурыздағы отырысында мақұлданған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын орындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жол картасын орындау шеңберінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілері бойынша бұзушылық белгілерінің болуы туралы 50 хабарлама шығарды.

77 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге бағытталған монополияға қарсы комплаенстер жасалды. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап елімізде 1 531 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Еліміздің барлық өңірлерінде сауда объектілерімен және әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілермен бағаларды тұрақтандыру және төмендету туралы келісімдер жасалды. Келісімдер 15 958 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және сауда объектілерімен жасалды.
«Айналым схемасы» тетігін қаржыландыруды 50 млрд.теңгеге дейін және 10 млрд. теңгені форвардтық сатып алуды ұлғайту жоспарлануда.

Бұдан басқа, ел аумағынан ұсақ және ірі қара малдың аналық басын алты ай мерзімге (2021 жылғы 26 наурыздан 2021 жылғы 26 қыркүйекке дейін) әкетуге уақытша тыйым салынды.
Министрлік ЕАЭО елдері мен Орталық Азия өңірінің ұқсас жүйелеріне интеграциялай отырып, Ұлттық тауар өткізу жүйесін (бұдан әрі – ҰТЖ) құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қазақстанда ол 24 көтерме-тарату орталықтарынан (бұдан әрі – КТО) тұратын болады. КТО желісі тауар өткізу жүйесінің негізгі қатысушылары арасындағы байланыстырушы буынға айналады және өндірушілерді, ретейлерлерді, жеткізушілерді бір кластерге біріктіреді.

Жалпы алғанда, тауар өткізетін экожүйені құру елдің өндірістік және сауда саласының дамуына жаңа серпін береді, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, салық салынатын базаны ұлғайтуға, өнімнің көлеңкелі айналымын заңдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жалпы алғанда, оң макроэкономикалық әсер етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көкөніс өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне және дүрлігуге жол бермеу мақсатында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізу мүмкіндігін қарастыруда. Ерте көкөністерді қолайлы бағамен кепілдендірілген өткізу олардың тұрақты өндірісіне ықпал етеді.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап әкімдіктердің сауда үстемесі мен сыйақысының сақталуын бақылауды жүзеге асыру құзыретін көздейтін нормалар күшіне енетінін хабарлаймыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау және сыйақы бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығы қабылданды. Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Министрлік қолданыстағы құралдардың тиімділігіне бағалау жүргізу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жөніндегі жаңа, неғұрлым тиімді шаралар топтамасын жинау бойынша жұмыс жүргізуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер