Ауған-түркімен шекарасында 18 сарбаз белгісіз жағдайда қаза тапты

8562
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстанда 18 әскери қызметкер белгісіз жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Азаттықтың Түркімен қызметіне сілтеме жасап.

Жиырмаға жуық сарбаздың туыстарына олар Ашхабад маңындағы көлік апатынан қаза тапты деп айтылған. Алайда Азатлык дереккөздері бұл нұсқаның дұрыстығына күмән келтіреді. Олардың айтуынша, оқиғаға Ауғанстандағы жағдайдың қатысы болуы мүмкін.

18 шілде күні 6 әскери қызметкердің денесі туыстарына «КамАЗ» көлігімен жеткізілді. Мәйіттер жабық табытқа салынған. Әскери қызметкерлердің денелері Лебапқа Ашғабаттан емес, Ауғанстанмен көршілес Марыдан жіберілген.

Елдің Қорғаныс министрлігіне жақын дереккөздердің бірі қарулы күштер шығынының 18 адамды құрағанын мәлімдеді. Олардың ішінде майор мен аға лейтенант болған. Екеуі де Лебап аймағынан шыққан. Қайтыс болғандардың көпшілігі Мари және Дашогуз облыстарынан келген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер