Әр қазақтың астында темір тұлпар бар ма?

6180
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кезде қоғамда аса өзекті тақырыптың біріне айналған мәселе - еліміздегі көліктің хал-жағдайы. Жеңіл көлік тақырыбы қызған сәтте, аталмыш мәселенің статистикасына көз жүгіртсек. 

Елімізде неше жеңіл көлік бар?

 

Қазақстан Саны
2003 жыл 1 млн 148 мың
2004 жыл 1 млн 204 мың
2005 жыл 1 млн 405 мың
2006 жыл 1 млн 745 мың
2007 жыл 2 млн 183 мың
2008 жыл 2 млн 576 мың
2009 жыл 2 млн 656 мың
2010 жыл 3 млн 87 мың
2011 жыл 3 млн 553 мың
2012 жыл 3 млн 642 мың
2013 жыл 3 млн 678 мың
2014 жыл 4 млн
2015 жыл 3 млн 856 мың
2016 жыл 3 млн 845 мың
2017 жыл 3 млн 851 мың
2018 жыл 3 млн 848 мың
2019 жыл 3 млн 776 мың
2020 жыл 3 млн 870 мың

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

Жыл сайын еліміздегі көліктің көбеюі - алаңдатарлық жағдай. Көлікті азайту үшін, кезінде Алматы қаласының әкімдері де түрлі әрекеттер (автобус жолына басымдық беру, велосипед жолағын ұзарту т.б) қолданып көрді.

2016 жылы экологияны одан әрі нашарлатпау әрі отандық көліктің саудасын арттыру үшін, утилизациялық алым енгізілді.

*Утилизациялық алым - үкіметтің авто өндірушілерден экологияны қорғау үшін және шетелден әкелген авто көлік үшін алатын алымы.

1 литрлі көлік - 437 550 теңге

1.1 - 2 литр аралығы - 1 020 950 теңге

2.1 - 3 литр аралығы - 1 458 500 теңге

3 литрден жоғары - 3 354 550 теңге

Нұриддин  Садықов (Кәсіпкер):

2013 жылы үш жылға дейінгі көліктердің саны 110 мың болса, 2014 жылы – 326 мың, 2016 жылы – 624 мың болған. Яғни, жаңа көліктердің көбейгенін байқаймыз.

Алайда 2016 жылы утилизациялық алым енгізілген еді, жаңа көліктің саны азайып, ескі көліктер көбейіп кетті. 2016 жылдан 2018 жылға дейін жаңа көліктердің саны 416 мыңға азайып кеткен. Ескі көліктердің үлесі

2013 жылы – 80%

2014 жылы – 72%

2015 жылы – 59%

2017 жылы – 61%

2018 жылы – 65%

2020 жылы – 70% болған.

Қазір мүлде 72 пайызға жақындап қалды. Отандық автопаркті жақсартпақ түгілі, керісінше құрдымға кетірді. Экология жақсармады, бүлінді. Баға қолжетімді болудың орнына шарықтап кетті. Халық қауіпсіз, жарамды көлік алудан қалды. Қыруар қаржысынан қағылды.

2020 жылдың мәліметіне сүйенсек, елімізде жеңіл көлік түрлерінен 8 брендтің 39 түрлі көлігі сатылады.

  • Chevrolet: Malibu, Niva, Tahoe, Tracker, Trailblazer, Traverse;
  • JAC: IEV7S, J7, S3, S5, S7, T6;
  • KIA: Cerato, Optima, Picanto, Rio, Sorento, Soul, Sportage, K900;
  • Hyundai: Accent, Creta, Elantra, Santa Fe, Sonata, Tucson;
  • Ravon: Nexia, R3, R4;
  • Lada: 4x4, Granta, Largus, Vesta, Xray;
  • Skoda: Kodiag, Octavia, Superb;
  • UAZ: Hunter, Pickup, Patriot.

Қай мемлекет көп автокөлік шығарады?

 

Қазақстан Саны
2010 жыл 3 мың
2017 жыл 19 мың
2018 жыл 32 мың
2019 жыл 49 мың
2020 жыл 75 мың

 

Ал көршілес Өзбекстанда ше?

 

Өзбекстан Саны
2000 жыл 52 мың
2005 жыл 94 мың
2010 жыл 222 мың
2015 жыл 185 мың
2020 жыл 280 мың

 

Санжар Боқаев (саясаттанушы):

«Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда жылына 80 мың автокөлік шығарылады (күніне 250 дана).

Өнеркәсіп министрлігі 167 автомобиль моделін шығаратындығымызды дәлелдеуге тырысып, тығырыққа тірелді.

Мемлекет автоөнеркәсіпті қолдау көрсетіп, бір ғана негізгі шарт қояды: автокөліктер Қазақстанда шығарылуы тиіс. Демек, егер көлік Қазақстанда шығарылмаса, мемлекет оған жеңілдіктер мен субсидиялар бермеуі керек.

Сондықтан біз автомобильдердің өзге елде шығарылатындығын дәлелдеуіміз керек. Бұл миллиардтаған теңгенің негізсіз төлемдерін тоқтатуға негіз болып табылады. Мұны істеу тіпті оңай! Әрбір автомобильдің VIN коды бар, ол халықаралық есеп жүйесіне жатады және оған World Manufacturers Identification кіреді – яғни өндірушінің әлемдік индексі.

Біз Алматыдағы автосалондарға барып, ВИН кодтарын суретке түсірдік. Сонымен, халықаралық есеп жүйесі бойынша Қазақстанда шығарылған автомобильдердің VIN кодтары Ресейде немесе Оңтүстік Кореяда шығарылған. Автокөліктердің ешқайсысы Қазақстанда шығарылмаған. Демек, мемлекет олигархқа айналған жалған өндірушілерге жүздеген миллиард теңгенің төлемдерін тоқтатуы керек.

Мемлекет алға қойған тағы бір маңызды шарт – жергілікті өнеркәсіпті дамыту. Яғни автомобиль жасаушылар қосалқы бөлшектерді мүмкіндігінше Қазақстанда көбірек шығаруға міндеттенді. Бірде-бір автокөлік өндірушісі бұл шартты орындаған жоқ, ал мемлекет үнсіз. Қосалқы бөлшектердің жартысы Қазақстанда шығарылатын бірде-бір модель жоқ екенін бәрі біледі. Біз тіпті болттар мен гайкаларды шығармаймыз. Неге біз өзімізді алдап отырмыз? Индустрия министрлігі ешқашан автоөндірісті локализациялау бойынша зерттеулер жүргізген жоқ, ал үкімет жүздеген миллиардтарды мифтік автоөндіріске құйып жатыр. Біз шынымен де жапондардан, немістерден немесе корейлерден жақсы өнім шығарамыз деп ойлаймыз ба? Неге біз Toyota немесе басқа танымал өндірушіні шақырмаймыз, біз оған жағдай жасаймыз, өйткені BMW Оңтүстік Африкада зауыт салған".

Үкіметтің айтуынша, көлік өндірісіне қатысты шешімдер оң нәтижесін беруде. Ал қоғамда теріс пікір қалыптасқан. Кімдікі дұрыс? Шешім өзіңізде!

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер