Әлемі бөлек Әбекем...

2660
Adyrna.kz Telegram

Сіз де аттандыңыз арамыздан, Әбсаттар аға! Елдің тұғырлы тұлғасына айналып едіңіз. Ұлтымыз бен жұртымыздың өзіңізге деген құрметі бөлек еді. «Жүзінде тұр жылылық, Көрген емес құбылып, Ұстанымы – ұлағат, Ұйғарымы – ұлылық» деп азаматтығыңызды ардақ тұтар еді.

«Қай елге де жерсінер, Қанағатын еншілер. Тілеулесі – тілшілер, Тәлабасы – елшілер» деп ұстаздығыңызды ұлықтар еді. «Қолында мол дерегі, Болса жұртқа керегі: Фарабидің бір емес, Жүзін тауып береді» деп ғалымдығыңыздан ғибрат алар еді. «Жігеріңді жаниды, Барған жері дамиды. Батысымды бағалап, Шығысымды таниды» деп қайраткерлігіңізді қадірлейтін еді. Ерен еңбегіңізді елейтіндердің есебі жоқ-ты. Ғаламат ізденісіңіз арқылы 30 Фараби, 10 Кердері, 33 Сайрами, 17 Түркістани, 51 Тарази рухани қазынамызға қосылып еді.

Абзал азамат. Ұлағатты ұстаз. Ғибратты ғалым. Қарымды қайраткер. Қысқасы, Қазақ еліне Дінбасы болған ардақты ағамыздың төрт құбыласы түгел еді. Еді... еді..
Бақұл болыңыз, әлемі бөлек Әбекем! Алдыңыздан жарылқасын, аға!

(Суретті түсірген Айтжан Мұрзанов, Алматы, 2007 ж.).

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер