2019-2021 жылдары ең танымал болған испандық "Элита" сериалы жасөспірім драмалары арасында рейтинг жағынан бірінші орын алды. Мектеп, ақша, махаббат, отбасы, гомосексуализм, есірткі, кісі өлтіру, қастандық... "Адырна" тілшісі осының бәрі және бұдан да өзге шытырманға толы «Элита» сериалы туралы сөз қозғамақ.
2018 жылы Испанияда «Элита» жасөспірімдер сериалы жарық көрді және ол 8 сериядан тұрды. Көрермендердің сериалға деген сүйіспеншілігі соншалық, жасаушылар оны ұзартуға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта сериалдың 4-маусымы шықты. Сериал 3 маусыммен ғана аяқталуы керек еді. Бірақ 2020 жылы сериалдың желіні жарғаны соншалық, сериал сценаристері тағы 4 және 5 маусымға келісімшартқа қол қойды.
Мұның бәрі неден басталады?
Бірінші эпизодты көре бастаған сәтте сіз не болып жатқанын бірден түсіне алмайсыз және бәрі шиеленіскен оқиға ретінде таспаланған. Бірақ сіз бір эпизодты толық көріп үлгерсеңіз, тамашалауыңызды тоқтату қиын. Себебі шырғалаң сәттермен шиеленіскен оқиғаның келесі эпизодын көруге құмартып тұрасыз. Сериалда «қос уақыт» бар. Өткен мен қазіргі уақыттағы оқиғалар бір уақытта біріктіріледі.
Сюжетте үш қарапайым жасөспірім стипендия негізінде өте элиталық мектепке барады, онда оларды олар қалағандай күтпеді. Бұл мектепте олардың тағдыры жұмбақ негізінде қала берді. Қазіргі уақытта мектеп оқушысының бірі өлтіріліп, барлық басты кейіпкерлер күдікке іліккен. Сериалда әр эпизодтың сюжеті мен тұжырымдамасы өте жақсы таңдалғаны соншалық, трагедияға нақты кінәлі кім екенін толық түсіну мүмкін емес.
Бұл сериалдың ерекшелігі неде?
Біз кез-келген фильмді немесе телехикаяны көргенде, оның басты жауыз кейіпкері болары сөзсіз. Элитада мұндай таптаурын жоқ және бұл басты артықшылықтардың бірі. Әр кейіпкердің жағымды да, жағымсыз да жақтары бар. Сіз бірінші маусымда бір кейіпкерді жек көрсеңіз, ал үшінші маусымда сіз оны шынымен жақсы көріп кетесіз. Әр эпизод басты кейіпкердің өлімі мен сыныптастарының оған деген көзқарасының мүлдем басқа бөлшектерін ашады.
«Элитада» қандай мәселелер көтерілді?
Біздің заманымыздың барлық дерлік проблемалары осында көтерілген деп сеніммен айта аламыз. Кедейлер мен байлардың теңсіздігі, гомосексуализм, қоғамдағы дінге қатысты мәселелер, қазіргі жасөспірімнің арзан нәрсеге құмартуы. Осыдан басқа , АИВ және қатерлі ісік, 16 жастағы жүктілік проблемасы қозғалған.
Неліктен жастар арасында бұл сериал өте танымал?
Біз бәріміз қателесуге бейімбіз және бәріміз бақытты болғымыз келеді, әсіресе өміріміздің ең жақсы кезеңінде. Бірақ оны сіз жоспарлағандай орындау әрдайым мүмкін емес. «Элитада» біз өз өмірімізде жіберетін қателіктер ашық көрсетіліп, ол оқиғалардың жай-жапсары анық айтылады.
Кейіпкерлерді, олардың мінез-құлқын бақылай отырып, оның қаншалықты маңызды екенін және мұның бәрі өмірде мүмкін екенін түсінесіз. Кей оқиғаларға таңғала қарап, алайда ол сәттердің барлығы өмірден алынғанын ұғынасыз. Олардың эмоциялары мен проблемаларын шешу олардың көмегімен өсуге көмектеседі. Сериалды көргеннен кейін, оның сюжеті туралы ойлануға тұрарлық екенін түсінесіз және ақыр соңында қорытынды жасағанда, ол сізге шабыт беріп, жаңа ой тастары сөзсіз.
Сериалдың тағы бір үлкен артықшылығы бұл - көрнекілік пен қарама-қайшылық. Музыка мен сыртқы түріне толық сәйкес келетін картина. Сериалды көргеннен кейін киіну стилі, кейіпкерлердің мінез-құлқы, олардың сөздері мен мәнерлері көптеген жанкүйерлер үшін өте әсерлі болды.
Осы кеште сенде екі таңдау бар. Өзіңмен өзің бол немесе бақытты бол....
Кез келген адамның қателесуге және екінші мүмкіндікке құқығы бар.
Адамды, сені ұнатқаны үшін кінәләуға болмайды.
p/s: "Элита"
Қызықты фактілер:
- 4 маусымда актерлік құрамның жартысы болмайды. Сериалдың жаңа кейіпкерлері таныстырылады.
- Лукрезияның рөлін ойнайтын Данна Паоло - актриса ғана емес, сонымен бірге өмірде әнші. Оның бірнеше әндері сериалда саундрек ретінде ойналады.
- Сериалда Маринаның рөлін ойнайтын Мария Педраза, Нано рөлінде болған Хайме Лорентемен шынайы өмірде қарым-қатынаста.
"Адырна" ұлттық порталы