Кеше Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның сағат 17.10-да Жайық өзенінде болғанын мәлімдеді.
Урдинская көшесі маңында ТЖД ЖҚБ іздестіру тобы 48 жастағы ер адамның мәйітін тауып алып, судан алып шыққан. Ол сағат 15.43-те 10 жасар қызын құтқару үшін суға кеткен. Ал жасөспірім қыздың денесін куәгерлер шығарып алған.
БҚО ТЖ департаменті рұқсат етілген және жағажайларда ғана суға шомылуға болатынын тұрғындар есіне салады. Рұқсат етілмеген, сондай-ақ, ескертулері бар белгілерден асып жүзуге, күн көзіне қатты қыздырынып, суға секіруге болмайды. Мас күйде де шомылуға болмайды.
«Адырна» ұлттық порталы