Қазақ атауының алыбына айналған Момышұлын танымайтын «қазақ» кемде кем. Қаһарлы жүзі қайраттай ұлт екенімізді «ұлы» сөзін пәмиләсіна алғаш боп жалғатқаннан-ақ байқауға болады.
Баукеңе батылы жетіп, сұхббаттасқан, шерін шығарған, шектен аспай сұрақ қойған екі қазақ журналисті бар. Бірі жеті минутта жеткен Жанболат Аупбаев болса, бірі әз Әзілхан. Екі мықтының алыпқа қойған бірдей бір сұрағы бар:
«Батырсыз ба?»
Бауке: «Қырық жыл қырғыннан тірі қалған адаммын. Еліміздің талай саңлақ батырларының, ақылды ерлерінің қаза тапқанын көрдім. Менен артық, менен батыл, менен ақылды жігіттердің өліп кеткен өз көзіммен көрдім».Баукеңнің бұл жауабы жігіттің мақтану мен мадаққа жақын болмауына шақырады. Бойында қайсарлық бар әр қазақ жігіті батыл әрі ақылды. Бірақ батырмын деуі сол екі қасиетінен жұрдай қылады… Оған дейінгі келген журналистердің олқылықтарын ортаға салсақ:
- Шашы ұзын жігітті жақтырмай, «қатын сынды» деп атағаны
- «Соғыста қиналдыңыз ба?» деп сұрақ қойған журналисті бәкісімен қуалағаны.
- «Оттан ұшқан ұшқын тәрізді ауызыңыздан шыққан теңеулерге таң қаламын. Цифрларды өлеңдей қып қалай жаттап алғансыз? – Комплиментті қатындар жақсы көреді. Әскери академияда лекция оқыған адаммын. Түсінікті ме?»
- «Қазір елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Қандай тілек айтасыз? – Есімім орыстың Иваны сияқты боп бара жатыр екен ғой. Әрине, әзілім. Барлық Бауыржандардың ішіндегі нөмірі бірінші мен болсам, қалған Бауыржандар азамат боп өсіңдер, менен асып кетсеңдер, оған өкпе жоқ».
- «Сіз қандай адамдарды қадірлейсіз, қандай адамды жек көресіз? – Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. Сіз данышпансыз деп көзге мақтап, көлгірситін ініні жек көремін. Шын дос сыртыңнан мақтайды. Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді. Түсінікті ме саған»?
- «Бауке, әйелдеріңіз, өзіңізге өмір серік болған жеңгейлер жайында бірдеңе демейсіз бе? – Қай әйелге қалай үйленгенін, неге ажырасқанын саған қандай ақымақ еркек айтып береді деп ойлайсың. Әйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені, әйел – өмірдің анасы. Менің көзім осыған жетті. Түсіндің бе»?
Інжу ӨМІРЗАҚ,
"Адырна" ұлттық порталы