Египеттегі ең бай отбасының басшысы қайтыс болды

4524
Adyrna.kz Telegram

Египетте елдің ең бай отбасының басшысы қайтыс болды,  деп хабарлайды "Адырна" порталы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Египеттің Эль-Гуна курорттық қаласында 90 жасында Египеттің ең бай отбасының басшысы, елдің ең ірі құрылыс компанияларының бірі Orascom-ның негізін қалаған Онси Савирис қайтыс болды. Өлімінің себебі нақтыланбаған.

Forbes мәліметтері бойынша Онси Савиристің байлығы 1,1 миллиард долларға бағаланған. Кәсіпкердің ұлдары Нассеф пен Нагиб Савирис Египеттегі миллиардерлер рейтингінің бірінші және екінші жолдарын алады. Олардың дәулеті, Forbes Real-Time мәліметтеріне сәйкес, сәйкесінше 9,2 млрд және 3,1 млрд. Осылайша, ең бай Египет отбасы мүшелерінің жиынтық байлығы 13,4 миллиард долларға жетеді.

Онси Савирис 1930 жылы дүниеге келген. Ол Каир университетінің инженер мамандығын бітіріп, 1950 жылы 10 жылдан кейін елдегі ең ірі мердігерлердің біріне айналған құрылыс компаниясын құрды. Компания жолдар мен су жолдарының құрылысымен айналысқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер