Биохакинг деген не?

3229
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Биохакерлерді бір ой біріктіреді. Олар ғылымның көмегімен ағзаның мүмкіндіктерін арттырып, өмірлерін ұзартқысы келеді. Бір қызығы әрқайсысының өз методологиясы мен тәжірибесі бар. Мұнан бөлек биохакерлердің өмір сүру стилі мен бірнеше лайфхактары бар. Олай болса, бірсыпырасын назарларыңызға ұсынайық.

Дұрыс тамақтану

Көптеген биохакерлер ең алдымен дұрыс тамақтануға кеңес береді. “Ауру - астан” демекші, тұтынған тағамыңызға мән берсеңіз, көптеген ауру-сырқаудың алдын алған болар едіңіз. Олардың басым бөлігі майлы тағамдар мен газдалған сусындарды жеміс-жидек пен салат жапырақтарына алмастырған.

Дәрумен қабылдау

Бүгінде дәрі-дәрмектің де, дәруменнің де түр-түрі бар. Оны іздеп алысқа сабылудың да қажеті шамалы. Төңіректегі дәріханаға барсаңыз, дәруменнің неше түрін табасыз. Осылайша, ағзадағы жеткіліксіз деп тапқан дәруменнің орнын оп-оңай толтыруға болады.

Салауатты өмір салтын ұстану

Салауатты өмір салтын ұстану тек дұрыс тамақтанумен шектелмейді. Сондай-ақ, спорт, ұйқы мен алкоголь, газды сусындардан бас тарту да теріде айтарлықтай білінетінін байқаған шығарсыз.

Күлкі, күлкі және күлкі

Күлкі - өмірді ұзартатады десем, Америка ашқаным емес. Расында, күлкінің маңызы аса зор. Күнделікті ғажап сәттерге шын жүректен қуана білу - өмірді ұзартады. Әрі үнемі түнеріп жүретіндерге қарағанда жадырап-жайнап жүретіндер өз жасынан әлдеқайда жас көрінетінін байқадыңыз ба?!

Медитация

Өз-өзіңмен тыныштықта қалып, ішкі дауысыңды тыңдай алу маңызды. Айналадағы артық шу адамның миына кері әсерін тигізерін ұмытпайық. Ал медитация жан тыныштығын қалпына келтіріп, өз ішкі даусыңды тыңдауға септігін тигізеді. Құлаққап киіп алып, 10 минут бойы тапжылмай отыр демесек те, 10-20 минут тыныштықта жаяу серуендегеніңіз артық етпес.

Жаттығу

Сіздің залда әрі-бері жүгіруге, зілтемір көтеріп, аэробикамен айналысуға уақытың жоқ па? Ендеше жай ғана жаттығу жасаңыз. Ол үшін сағаттап дене қимылын жасаудың қажеті шамалы. Бар болғаны аздаған уақытыңызды бөліп, тұрақты түрде дене қимылын жасап тұрсаңыз жеткілікті.

Биохакерлер түрлі ғылымның көмегімен өмірді барынша сапалы етіп, ұзартуға болатынына сенімді. Негізгі мақсаттары - саналы ой қалыптастыру арқылы өмір стилін барынша жақсы жағына қарай өзгерту. Бұл биохакерлердің лайфстайлы. Сізге де өмір салтыңызды дұрыстап, денсаулығыңызға көңіл бөлуге кеш емес. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.

Назерке Әсетова

Пікірлер