Торнадо соғып, бір ауыл түгелдей қирап қалды

2534
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/chehiya.jpg
Чехияның солтүстік-батысындағы ауылға торнадо соғып, елді мекеннің тас-талқанын шығарған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Елді мекенде ешкім зардап шекпеген. Ал материалдық шығын ондаған миллион еуроға бағаланып отыр.
Бұған дейін Чехияның оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Моравияға соққан алғашқы торнадо бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратқан болатын. Одан 300-ге жуық адам зардап шегіп, 5 тұрғын көз жұмған. Ал жұма күні болған торнадо түгел ауылды қиратқан.
Синоптиктердің мәліметінше, мұнда торнадо күші 5 балдық деңгейдің 3 немесе 4-деңгейіне жеткен. Оның арты теннис добының көлеміндей бұршаққа ұласқан. Қазір Чехияда  зардап шеккен ауылдарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде.

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии