Жетісулық 60 полиция қызметкері кәсіби мерекесінде жаңа пәтерлі болды

1793
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласында Алматы облысы полиция қызметкерлеріне жаңа пәтер кілттері табыс етілді. Кәсіби мерекелері қарсаңында құқық қорғаушыларға берілген 60 пәтерлік тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған. Пәтер кілттерін қоныстой иелеріне облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов тапсырды.

- Азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметтеріңіз жемісті болсын. Мерекеге орай құқық қорғау органдары қызметкерлеріне "Болашақ" шағын ауданында осы 60 пәтерлік үй салынып, қолданысқа берілгелі отыр. Талдықорғанда биыл 6, 7, 8 шағын аудандарда және коттедж қалашығында мемлекеттік бюджет және жеке инвестиция есебінен жалпы ауданы 120 мың шаршы метрден асатын 35 көпқабатты тұрғын үй және 204 коттедждің құрылысын аяқталады деп жоспарланған. Осылайша мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жылдан жылға қарқындай түсетін болады. Жаңа шаңырақ молшылық пен бірлікке толы болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Жетісу жері, Талдықорған қаласы гүлдене берсін! - деді   Л. Тұрлашов өз сөзінде.

Жалпы Алматы облысында биыл 1 млн. шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал Талдықорғанның өзінде 120 мың шаршы метр үй халық игілігіне берілмек. Биыл баспанамен қамту мәселесін шешу үшін республикалық бюджеттен 5,6 млрд. теңге бөлінген. Оған қоса жергілікті бюджеттен 204 коттеджді салуға 1,5 млрд. теңге қарастырылды.

Пікірлер