Биыл Ақтөбе облысында 14 ауыл газдандырлады

2812
Adyrna.kz Telegram

Биыл Ақтөбе облысында 14 ауыл газдандырлады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

«Ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету – мемлекет басшысы үнемі айтып отыратын басым міндеттердің бірі. Бүгінде облыс орталықтандырылған сумен қамту жағынан Қазақстан бойынша өңірлер арасында үздік бестіктің қатарында. Көрсеткіш 96,2%-ды құрайды. Биыл құны 8,4 млрд. теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 97,3%-н орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», - деді О.Оразалин.

Қазіргі кезде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде 14 ауылдың тұрғындары үшін көгілдір отын қол жетімді болады, бұл тұрғындардың газбен қамтылуын 92,6% -ға дейін арттырады.

Пікірлер