Құжатқа қол қойылды: газ қымбаттайды

688

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің жаңа шекті бағалары бекітілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

«Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары өңірге байланысты орта есеппен 11 пайызға өсті»,— делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес тауарлық газдың көтерме сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Энергетика министрлігі, ал бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы