ҚР Білім және ғылым министрлігі Mail.KZ электрондық сервиске арналған Ұлттық порталымен бірлесіп цифрлық білім беруді күшейтеді. Ол үшін тараптар тиісті меморандумға қол қойды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Атап айтсақ, Білім және ғылым министрлігі мен электрондық сервиске арналған ұлттық портал білім берудің цифрлық бағдарламаларын әзірлейді. Сондай-ақ білім беру платформасы мен пайдаланушыларды авторизациядан өткізу бойынша бірыңғай тетікті ілгерілету жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.
«Mail.KZ порталымен біз 2 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Қазақстандық mail жобасы үлкен технологиялық қуатқа ие болып отыр. Ол алғашқылардың бірі болып ҰБТ нәтижелерін тексеру, республикалық конкурстар, олимпиадалар мен басқа да
Сонымен қатар меморандумға сәйкес Mail.KZ министрлікке өтеусіз негізде Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған mail.kz ұлттық пошта сервисін, my.edu.kz пайдаланушының жеке кабинетін ұсынады.
Айта кету керек, аталған меморандум 10 маусымнан бастап өз күшіне енді.
"Адырна" ұлттық порталы.