Ким Чен Ын науқас: Солтүстік Корея басшысының арықтауы күдік тудыруда

3004
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Кореяның 37 жастағы басшысы денсаулығы туралы жаңа қауесеттерге тап болды. Бірақ бұл жолы оның салмағының айтарлықтай жоғалтқаны байқалады. Бұл туралы Fox News жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сәрсенбіде жарияланған мемлекеттік БАҚ-тағы суреттерде Ким көп салмақ тастағандай көрінді. Көпшіліктің айтуынша, Кимнің бойы - 170 сантиметр, ал бұрынғы салмағы - 140 келі болған. Ал қазір ол 10-20 келіге арықтаған болуы мүмкін.

Сеулдегі Корея ұлттық бірігу институтының аналитигі Хон Миннің айтуынша, Ким аурудың симптомынан салмақ жоғалтпаған, бұл - оның денсаулығын жақсартуға бағыттаған әрекеті екен.

«Егер оның денсаулығында проблемалар болса, ол жұмысшылар партиясы Орталық Комитетінің пленарлық отырысын ашық түрде шақырмас еді», - деді Хон.

Сеулдің Солтүстік Кореяны зерттеу институтының қызметкері Се Ю-Соктың айтуынша, жақында Солтүстікте елдің екінші билік басындағы Еңбек партиясының бірінші хатшысы лауазымын құру Кимнің денсаулығына әсер еткен болуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер