Халыққа бірінші кезекте азық-түлік тауарларының сапасы мен бағасының қолжетімділігі маңызды екені белгілі. Осы ретте қаламызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
⠀
Осыған орай, бүгін Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында айналымға қарыз қаражатын беру бағыты бойынша келісімшарттар түзілген «Magnum Cash&Carry», «Грамад» және «Фиркан» сауда желілеріне барып, тауар сапасы мен бағасына мониторинг жүргізді.
⠀
Мониторинг жүргізу барысында басқарма басшысы А.Қаныбеков сауда желілеріндегі азық-түлік тауарларының бағасына басты назар аударып қана қоймай, ондағы азық-түлік алушы қала тұрғындарының пікірлерін тындады.
⠀
Айта кетейік, «Magnum Cash&Carry» сауда желісінде 19 тауар, «Фиркан» сауда желісінде 11 тауар және «Грамад» сауда желісінде 12 тауар түрлері қамтылып, келісімшарт негізінде белгіленген бағада босатылып жатыр.
⠀
Сонымен бірге, бүгінгі күні маусымдық кезеңге байланысты бағасы өскен көкөністер, картоп және сәбіз өнімдері осы аталған сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда.
⠀
Атап айтар болсақ, жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры есебінен І- санатты жұмыртқаның 10 данасы 322 теңге болды.
Айта кету керек, аталған бағадағы жұмыртқа «Грамад» сауда желісінің Жібек жолы көшесі №58, К.Төлеметов көшесі, №69/42, Б.Момышұлы даңғылы №6, Ә.Жангельдин көшесі №3 бөлімшілерінде, сондай-ақ, «Фиркан» сауда желісінің Қапал батыр көшесі №6/4, Тәуке хан даңғылы №330, «Фиркан Сити», Адырбеков көшесі №117/1, 4. Ш.Уалиханов көшесі, №213 «11 ш/а. магазиндерде және «Магнум» сауда желісінің Жиделібайсын көшесі 92, Володарский көшесі 27/10 мекенжайларында сатылады.
⠀⠀
Тұрақтандыру шаралары аясында атқарылып жатқан жұмыстар жалғасатын болады.
Қосымша сұрақтар бойынша хабарласа аласыз: 8(7252) 24-75-41.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі