БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Қазақтың барлық билігі, байлығы өгей тілділердің қолында

7071
Adyrna.kz Telegram

Өркениетсіз әділетсіздік немесе ТІЛСІЗ ҚАЗАҚ

Құрылыс алаңында қазақ жігіттері ақ тер, көк тер, қара тер болып жұмыс істеп жатады. Шаңның да арасында солар, темір мен бетонның да арасында солар. Бүкіл жұмысты жауапкершілікпен аяқтау керек. Тұтас құрылысты аяқтап, тұрғындарды баспаналарына кіргізгенше қазақтың қара баласы құрылыс нысанында ширығып жүреді.

Әрбір жұмыстың басында құрылыс нысандарының жұмыстарын тексеріп, қабылдап алу үшін "русоказах" отряды келеді. Әлбетте, ресейтілді "казахтың" ол жерде мәтребесі жоғары. Үстіндегі киімдерінде шаңның тозаңы да жоқ. Содан "Қазақтарға" анау неге анандай, мынау неге мынандай деген сұрақтар жауады. Тығырыққа тірелетін де, қара жұмысты істейтін де, жауапкершілікті арқалайтын да қазақ тілді ортаның мойнында болады. Олар тек орысша айтады. Қазақша ештеңе де айтылмайды. Себебі, қазақ тілі маңызды секторларда жұмыс істемейді. Тек қана құрылыс саласы емес, мемлекеттің барлық маңызды секторларында қазқа тілі жұмыс істемейді. Қазақ тілін мен де, сен де жұмыс істетуге құлықсызбыз.

Содан ресейтілді ханымдар мен мырзалар (бұлардың барлығы да қазақтар) өздерінің еркін миссиясын тамамдап, қазақ тілді қара жұмыс иелерін қамырша илейді. Бірақ Қазақстанның барлық қаласын салып жатқан да осы қазақ тілді қара жұмыс иелері. Ал, тұтас тендерлер мен ірі гранттардың, миллиардтардың иесі орысказахтар. Мұнда не байқадыңыз? Ресей тілінің қазақ тілінен әлдеқайда ықпалды әрі табыс табу кезінде де, билік жасау кезінде де, тендерлерді алу кезінде де, қазақтарға ықпал еті кезінде де үлкен артықшылықтарға ие екендігін көресіз.

Әрине, қазақ тілділер қара жұмыстың басында отырады. Орысказахтар кондеры салқын, жанына жайлы, тамаша, барлық жағдайы жасалған кеңселерде отырады. Олардың жаны мүлдем қиналмайды. Бұл ненің арқасында? Бұл "Казахстандағы" ресей тілінің аса ықпалды екендігінің арқасында. Бүкіл маңызды құжаттың барлығы да ресей тілінде болып іске асады. Ақиқатында, олар Қазақстанда жүрмін, осы елдің азаматымыз, қазақ тілін игеріп, қазақ тілімен жұмыс істеу біздің міндетіміз деп санамайды да. Қазақ тілінің не керегі бар? Ол табыс таппайтын, жұмыс кезінде тек қара жұмысқа ғана жарайтын тіл ғой.

Дәәә, бір нәрсе ұққан боларсыз. Әлі талай жанашыр қазақ өзінің ана тілін тұғырына қондыра алмай осы өмірден өтіп кететін шығар...

Қорытынды!

Ресей тілі өгей тіл. Өгей адам ешкімге жақылық жасамайды. Қазақ өзінің мемлекеттілігінің негізін, тұұғырын бекем еткісі келсе, онда ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН барлық секторларда жұмыс жасауы керек. Оның даму жолы мен Құдай жазған миссиясы тек қазақ тілінде. Қазақ тілінде ғылым жасап қазақ тілінде іс әрекет етуі керек. Әйтпесе қазақ өспейді. Құр заржақ болып отыра береді. Сондықтан да, қазаққа қазақтілді ұлтшыл басшылар керек.

30 жыл өтіп кетті. Бұл аз уақыт па...?
Еврейлер өз тілін өзіне қайтарып алып, қандай деңгейге жеткенін көрмей отырсың ба...?
Бір біріңе жандарың ашымаса, осылай күн көре бересіңдер!

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер