Бір мектептің екі директоры бар

3292
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте бір мектептің қос директоры бар. Қаладағы №125 оқу орнының ата-аналары және мұғалімдері бұл жағдайды мүлдем түсіне алмайды. Себебі оқушылардың аттестатында бірінші директордың қолы тұрса, ал табельде екінші басшының аты-жөні жазылған. Мұнымен оқу ордасындағы былық бітер емес, қит етсе ақша жинауды әдетке айналдырып алған директор барлығын мезі қылып бітірген, деп хабаралайды «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қаладағы білім басқармасының алдына жиналған №125 мектептің ата-аналары мен мұғалімдері оқу ордасында болып жатқан жағдайды шешіп беруді талап етуде. Ондағы мәселелері - бір мектепте екі директордың жайғасып алғандығында. 2017 жылдан бері мектеп басшысы болып келе жатқан Әсет Сатыбалдиевтың үстінен іс қаралып, ағымдағы жыл өз еркімен жұмыстан кеткен екен. Ал оның орынына келген директор бар-жоғы жарты жыл жұмыс істеген. Өткен апта оған білім басқармасынан ескертусіз келіп, қайтадан Әсет Сатыбалдиевтың директор болатыны айтылған. Бірақ тек ауызша түрде.

«Мен ол туралы мүлдем бейхабар болдым. Қалалық білім басқарамасынан хабарлады осындай-осындай жұмыс орнындасыз ба деді. Ия дедім. Не мәселе деген едім. Осындай директорды Сатыбалиевты апарып тағайындаймыз деді. Бір сағат көлемінде келді тағайындап кетті. Ешқандай құжатқа қол қойған жоқпын. Бірақ бүгінгі таңда 10-да қалалық білім бөлімінің басқармасынан кадр бөлімі хабарласты. Келіп бұйрыққа қол қойып кетіңіз деді. Мен қазір стоционардамын дедім. Одан шықпайынша ешқайда қол қоймаймын», - дейді №125 мектептің директоры Арапбай Урисов.

Ал мектеп мұғалімдері мен ата-аналар Әсет Сатыбадиевтың қайтадан директор болып келуіне үзілді-кесілді қарсы. Себебі ол білім беру мекемесінің басшысы болған кезде ақша жинауды әдетке айналдырып алды дейді мұғалімдер. Қит етсе қалтасын қампайтып алғысы келіп тұратын директор ойына келгенді істеп, мектепті ойраңдатып бітті деп ашынып отыр. Ал мектепті тәмамадаған оқушылардың ата-аналары аттестат пен табельде екі директордың қолы тұрғанына наразы.

«Қызымның соңғы емтиханынан кейін табель дайын болған. Бірақ енді дүйсенбі бізде шақырғанан кейін аттестатта басқа фамилия тұр. Кімнің фамилиясы тұр? Сатыбалдиевтің фамилиясы тұр. Табелде Урусовтың фамилиясы тұр. Енді менің қызымның болашақта оқу орнына түсу үшін бұл әсер ете ма етпей ме? Ата-аналар тарапынан сондай түсініспеушілік болып тұр», - дейді қала тұрғыны Кәмшат Жақыпбаева.

Ал жақында қайта директор болған Әсет Сатыбадиев оқу ордасында барлығы тыныш, әдеттегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз деуде. Тек денсаулығының нашарлауына байланысты жұмыстан кетіп, кейін қайта келіпті. Сонымен қатар осы күнге дейін бірде-бір ұстаздан бақыр тиында алмағанын айтады.

«Иә, мен денсаулығыма байланысты өтініш бергем, сотқа беріп қайтадан өз орныма келдім. Сот шешімімен кешеден бастап жұмыс бастап жатырмын. - Сіз денсаулығыңызға байланысты кеттіңіз бе, әлде үстіңізден іс қозғалды ма? - Ешқандай іс қозғалған жоқ, менің арнайы адвокатым бар. Сол кісі жауап береді. Мен тек сот шешімімен келгенімді айта аламын», дейді №125 мектептің директоры Әсет Сатыбалдиев.

Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева да Сатыбалдиевтің орнына қайтадан директор болып кетуіне қарсымын деп отыр. Сондықтан жоғарғы сотқа касациялық шағым түсіріпті. Онымен қоса екінші директор да оңайлықпен беріспеймін деп білек сыбана кірісіп отыр. Қалай болғанда да шиеленіскен мәселенің шешімін енді соттағылар шешетін болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер