2021-2022 оқу жылында демалыс күндері қысқарады

30556
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жаңа оқу жылында қалай демалатынын мәлімдеді. «Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;

2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады»,–делінген хабарламада.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда қосымша каникул 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер