Жаңа мүмкіндіктер

1255
Adyrna.kz Telegram

24 мамырда сағат 11.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының және «DARA» қайырымдылық қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өкілдерінің қатысуымен Қостанай қаласының № 27 ОМ жанындағы Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ашылуы өтеді.

«Әртүрлі-тең: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасы шеңберінде Қостанай қаласының № 27 жалпы білім беретін мектеп базасында Ресурстық орталық ашылды.

Ресурстық орталықтың міндеті - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың дамуы үшін, балалардың өздерін тең сезінулері үшін қолайлы кеңістік құру. Бұл олардың әрқайсысына өз әлеуетін іске асыруға, қоғамға пайда әкелуге және оның толыққанды азаматтары болуға мүмкіндік береді.

Қостанай қаласындағы №27 мектепте инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы – бұл мұғалімдерге, ата-аналарға оқу үдерісінде инклюзия қағидаларын іске асыруда және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға сыныпта және мектепте кедергісіз орта қалыптастыруға көмектесу үшін құрылған мектеп кеңістігінің бір бөлігі.

Атап өту керек инклюзивті білім берудің ресурстық орталығын ашу - бұл инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім берудің 1 ресурстық орталығы және инклюзивті білім беруді қолдаудың 3 кабинеті жұмыс істейді.

Қалада ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 2000-нан астам бала тұрады, оның ішінде 471 бала қала мектептерінде оқиды. 

«Әрине, «ерекше» балалар мектеп пен педагогикалық ұжым тарапынан ерекше және жан-жақты қолдауды талап етеді - әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаны бейімдеу, жеке білім беру бағыттарын құру және кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдерді қолдау қажет. Сондықтан бұл жолдағы маңызды қадам - ресурстық орталықтарды ашу», - дейді «Дара» ЖҚ өкілі Марал Шешембекова.

Жалпы білім беретін мектептерге баратын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар көбінесе мамандардың қолдауына, мерзімді демалыс пен релаксацияға мұқтаж. Барлық осы жағдайлар ресурстық орталықтарды – психолог, логопед, дефектолог және басқа мұғалімдер балалармен айналысатын кеңістікті құру кезінде ескеріледі. Осы тәсілдің арқасында «ерекше» балаларға оқу процесіне қатысу оңайырақ.

Мұнда даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де, ата-аналар да кеңес ала алады. Сондай-ақ ресурстық орталықта үйде оқитын балаларды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«Әртүрлі – Тең» жобасы арқасында инклюзивті білім беруге қол жетімділік кеңейе түсуде. Тек соңғы 1,5 айдың ішінде біз Жамбыл облысында ППТК және РО филиалдарын, Арқалық пен Петропавлда 2 РО аштық, бүгін орталықты осында ашамыз, ал жуырда Түркістан облысында ППТК – ны іске қосамыз. Барлығы 14 ППТК және 16 инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Пікірлер