Қостанай облысының Жазғы мектептері жұмысына кірісті

1048
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 26 мамырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жазғы мектептер жұмысына кірісті.

19 маусымға дейін бастауыш және жоғары сынып оқушылары сабақтардағы болған олқылықтарды орындап, практикалық қаралуды талап ететін қиын тақырыптарды тереңінен пысықтай алатын болады. Бұл ретте үлгерімі төмен балаларға көп көңіл бөлініп, негізгі пәндерге ерекше назар аударылған. Алдын ала проблемалық тақырыптарға талдау жасалып, сабақтардың кестесі құрылды. 

Партаға-тек оқығысы келетін балалар отырады, жазғы мектепке қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Жазғы мектептер тегін негізде жүргізіледі, оқушылар сабаққа еркін түрде қатысады. Жазғы мектептерде үй тапсырмасы берілмейді және сабақтар ойын, экскурсия түрінде жүргізіліп,ортақ жобаларға жұмыс жасалады. Педагогтар мен оқушылар өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық санитарлық қауіпсіздіктерді сақтайды. 

Педагогтар пәндерді жазғы демалыс кезеңіндегі әдеттегі жұмыс шеңберінде тарифтеу бойынша жүктемені бөлуге сәйкес жүргізеді, жазғы мектептердегі жұмысы үшін мұғалімдер өздерінің тиісті жалақысын алатын болады. Мұғалімдердің дәстүрлі демалысы жазғы мектептердің жұмысы аяқталғаннан кейін басталады.

Пікірлер