Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоймақ

5739
Adyrna.kz Telegram

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алатын директорлар мәселесінің қалай шешілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Antikornews студиясында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Енді, шындықты бәріміз білеміз. Өмірде қандай жағдайлар болып жатқанын да көріп жүрміз. Сондықтан ондай мәселелердің, бұндай тәуекелдердің бар екенін мойындаумыз қажет. Біз оны білеміз. Білгеннен кейін арнайы нормаға бастамашы болып, оны заңнамаға енгіздік», - деді ол.

Министр енді, мұғалімді жұмысқа алу мәселесін директор жеке өзі шеше алмайтынын айтты.

«Мысалы, бір бос орын болса, оған алдымен жарнама жасап, хабарландыру беріледі. Нақты жалақысы, жұмыстың көлемі мен талаптары да көрсетіледі. Ал үміткерлер конкурсқа өз құжаттарын тапсырады. Әрине, ашықтықты қамтамасыз ету үшін біз осы жұмыстың бәрін электронды форматқа ауыстыруымыз қажет», - деді министр.

Конкурс кезінде комиссия үміткерлердің кандидатурасын қарап, кәсіби маманды таңдайды. Соның нәтижесінде мектепке білікті мұғалімдер келеді.

«Бүгінде осы норма білім туралы заңға енді. Оны іске асыру үшін министрліктің тиісті бұйрығын дайындап жатырмыз. Мен бір-екі жұманың ішінде осы бұйрыққа өзім қол қоямын. Содан бастап жаңа норма іске асады. Бұл – өте маңызды мәселе», - деді Аймағамбетов.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер