Үйде отырып ақша тапқыңыз келсе..

2623
Adyrna.kz Telegram

Үйде отырып жұмыс істеу арқылы табыс табатын интернет мамандықтар  соңғы жылдары танымалдылыққа ие болды. Әсіресе пандемия кезінде онлайн жұмыс жасайтындардың қарасы көбейді. Бүгінде көпшілік ешқайда шықпай-ақ мансап құрып, қоғамға пайдасын тигізуде. Сіз де үйде отырып, ақша тапқыңыз келе ме? Ендеше мақаланы мұқият оқып шығыңыз. Назарларыңызға ең танымал онлайн-мамандықтар тізімін ұсынамыз.

Копирайтер

Копирайтинг - интернетте ақша табудың ең танымал әдістерінің бірі. Негізгі міндет - пайдалы мәтіндерді, жарнамалық материалдарды құру. Бұл санатқа редакторлар және жазушылар кіреді. Егер сіз көркем жаза білсеңіз, осы бір заманауи мамандық арқылы ақша таба аласыз. Вакансияларды hh.kz сайтынан қарай аласыз.

Контент-менеджер

Контент-менеджер сайттарды бақылап, оларды мәтінмен, фотосуреттермен, бейнелермен толтыруға жауап береді. Ол сайтты ақпаратпен толтырып қана қоймай, мақсатты аудитория меноқырмандарды не қызықтыратынын анықтайды.

Сайт редакторы

Сайт редакторының жұмысы контент-менеджеріне ұқсас. Редактордың контент-менеджерден айырмашылығы - жариялаған мәтіннің сапасын бақылау. Редактор қателерді түзетеді, форумда байланыс жасайды, копирайтерлерге тапсырмалар береді. Содан кейін олардың жұмысын тексереді.

Блогер

Өзі үшін жұмыс істегісі келетін және өз пікірін білдіруден қорықпайтын адамдар үшін блогер болуға болады. Бұл бағыт  жастар арасында өте танымал. Егер сіз блогер болсаңыз, кез келген әлеуметтік желіде тәулік бойы видеобейне жазып, тікелей эфирге шығып, фотосуреттер жариялауыңыз керек. Блогты түсіру үшін, әрине, жақсы камера алып, көпшілікті қызықтыратын тақырыпты табу керек. Қазіргі таңда отандық блогерлер орташа есеппен айына 500 мың теңге табады. Табыстың негізгі көзі – жарнама.

Веб-бағдарламашылар

Жоғарыда аталған мамандар сайттарды толтырумен айналысса, веб-бағдарламашылар сол сайттарды жасайды. Сайтты құрумен қатар, олар бағдарламалар мен сценарийлерді жазуға, сайтты жаңартуға және қауіпсіздікті сақтауға жауап береді. Бұл саланың маманы әдетте жақсы жалақы алады. Бірақ бұл таңқаларлық емес, өйткені жұмыс жасау үшін веб-бағдарламалау тілдерін жетік білу керек.

Веб-дизайнер

Сайтты құруға веб-дизайнер де ат салысады. Ол сайт интерфейстерін жобалауға, идея мен тұжырымдамаға, безендіруге жауап береді.

Мобильді қосымшаларды құрастырушы

Мобильді қосымшаларды қашықтан да жасауға болады. Қазіргі уақытта бұл үлкен ақша алып келетін ең сәтті бағыттардың бірі. Планетаның кез келген тұрғынында ұялы телефон бар. Ол үнемі бірнеше қосымшаларды орнатады. Сол себепті де жақсы мобильді қосымша жасау арқылы көп ақша таба аласыз.

Аудармашы

Шет тілдерін жақсы білетіндер үшін қашықтан жұмыс істеудің тағы бір мүмкіндігі бар. Сіз үйде отырып-ақ мәтіндерді аудара аласыз. Бұл копирайтер жұмысына ұқсас. Алайда аударма үшін төлем копирайтингке қарағанда әлдеқайда жоғары.

Топ әкімгері

Интернетті пайдаланушылардың барлығы дерлік әлеуметтік желіде отырады. Кез келген әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптар бойынша топтар бар. Әкімгердің негізгі жұмысы - топты тәртіпте ұстау.

SMM маманы

Бұл мамандық басқаларға ұқсас, бірақ айтарлықтай айырмашылық бар. SMM-маманы оқырмандардың көңілін көтеру және жағымды имидж қалыптастыру үшін брендті барлық желілерде бірден ұсынады. Бұл мәселеде PR технологиялары мен әлеуметтік желілерді түсіну керек. Өйткені әр желінің өзіндік жарнамалық ерекшелігі бар. Бұл байыпты аналитикалық жұмыс.

Онлайн репетитор

Интернетке біртіндеп көшіп келген тағы бір мамандық - оқытушы. Скайп, Zoom сияқты видео байланыстың көптеген жолдарымен үйден шықпай балаларды оқытуға болады. Сондай-ақ repetitor.kz сайтына тіркеліп, өз жарнамаңызды қалдыра аласыз.

Байланыс орталығының операторы

Күнделікті жұмысқа жақын, бірақ үйде отырып жасауға болатын мамандық - байланыс орталығының операторы. Қарапайым сөзбен айтқанда, сіз клиенттерге қоңырау шалып, олардың қоңырауларына жауап беріп, тауарларды жарнамалауыңыз керек. Сіз көптеген қоңырауларға дайын болуыңыз керек. Сонымен қатар клиентті қызықтыра алуыңыз маңызды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер