Мас әке 14 жасар баласына көлік тізгінін берген

505

Кәмелетке толмаған баласына көлік тізгінін берген мас әкеге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қостанай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға ағымдағы жылдың 31 мамырында Арқалық қаласында болған.

Полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында "MITSUBISHI PAJERO" автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші қызметкерлердің заңды талаптарын орындаудың орнына жасырынуға тырысқан.

«Қудалаудан кетіп, ол азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, бірнеше рет төтенше жағдай жасады. Дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтату туралы бірнеше рет бұйрық берді, жүргізушіге бағынбаған жағдайда табельдік қару қолданылатынын ескертті.
Ықтимал салдарын бағалай отырып, полиция қызметкерлері "құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 61-бабының 5-тармағына сәйкес артқы доңғалаққа зақым келтіру арқылы көлікті мәжбүрлеп тоқтату үшін табельдік қаруды қолданды. Осыдан кейін ғана автокөлік тоқтатылды»,— делінген хабарламада.

Айт кетейік, көлікті 2007 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған бала басқарған. Алдыңғы жолаушы отырғышында мас күйінде 35 жастағы әкесі болған. Оған қатысты 612-баптың 5-бөлігі (басқару құқығы жоқ адамға т/қ басқаруды беру) және 613-баптың 1-бөлігі (т/с тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы