Ел есіндегі Егізов

487

(Фотопортрет)

Бүгін - даңқты фототілші Дендербай ағаның туған күні! Дендербей Егізов – қазақ спорт фотожурналистикасының төлқұжаты.

Қазақыландыра түссек, пірі әрі бірегей тұлғасы! Алқын-жұлқын ақпарат қызметінде әптер-тәптеріңді шығаратын әріптестер де, бүкіл жұмысыңды жеңілдетіп жіберетін адамдар да болады. Біздің дархан көңіл Дәкең осы соңғы топтың көшін бастап жүретін еді. Ол араласты дегенше барлық мәселенің кілті табыла кетеді.
Баяғыда Хиросимаға бірге барғанымызда атом бомбасына арқасын тосқан атақты паркте ұлардай шулаған жапон ұландарының ортасында тұрған Дендербай ағаға қарап сүйсінгеніміз күні кешегідей есімізде. Себебі, бір қарағанда сыртқы сипатының жапон мен кәрістен айырмасы шамалы қадірлі көкеміз әлгі көрініске керемет кірігіп-ақ кеткені. Сол жолғы сапардан «Дәкесі, бір топ жапон балаларының әкесі» деген әдемі әзіл сөз бізбен бірге келді...

Дендер аға өзі суретке түсуге құмар болмаса да, әріптестері таспаға тартқан бірқатар дүние сақталып қалыпты. Біразын әйгілі фотомергеннің немересі Санжар жеткізді. Мол сурет тағы бір тиянақты фотоснайпер Асылхан Әбдірайымұлының қырық жылға азық болатын қазыналы қапшығынан шықты.

Жә, көп сөйлеп қайтеміз. Енді суреттер тіл қатсын.

Ден-аға, қызық, мол жылдар...

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

Пікірлер
Редакция таңдауы