NASA белгісіз ұшатын нысандарды анықтауға қызығушылық танытуда

2254
Adyrna.kz Telegram
иллюстративті фото
иллюстративті фото

Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігінің (NASA) басшысы Билл Нельсон белгісіз ұшатын нысандарды (БҰН) зерттеу бойынша жұмысты жалғастыруға мүдделі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Нельсон ғарыш саласындағы жоғары лауазымды шенеуніктердің ешқайсысы АҚШ әскери-теңіз күштерінің ұшқыштары байқаған объектілердің нақты не екенін білмейтіндігін атап өтті. Оның пікірінше,  БҰН - келімсектердің Жерге келуінің дәлелі емес. Сонымен бірге NASA басшысы мұндай мүмкіндікті жоққа шығарудың ерте екенін мойындады.

"Біз олар келімсектер ме, білмейміз. Біз олардың жау екенін де білмейміз. Біз бұл оптикалық құбылыс деп ойламаймыз, өйткені теңіз ұшқыштары берген сипаттамаларға байланысты... Бірақ біз олар жайлы білгіміз келеді", - деді ол.

Баспасөз хатшысы Джеки МакГиннесстің айтуынша, Нельсон бұл құбылыстарды зерттеу үшін арнайы жедел топ құрған жоқ, бірақ зерттеушілерге олар қажет деп тапқан тақырып бойынша кез-келген сұрақтарды зерттеуді тапсырды.

NASA бұл мәселеде АҚШ қорғаныс министрлігімен тікелей жұмыс жасамайтынын атап өттді. Алайда, егер агенттік қызметкерлері нысандарды анықтауда сәтті жұмыс жасаса, онда «бұл туралы Пентагон білетін болады».

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер