Қырымды тартып алған біз емес, неге жазасын біз тартуға тиіспіз?!

5236
Adyrna.kz Telegram

Саясаттанушы Талғат Қалиев Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында ЕАЭО-ның Батысқа қарсы жауап санкцияларына қосылмауы керек деп санайды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин Еуразиялық экономикалық одақта Батыс санкцияларына жиынтық жауап әзірленіп жатыр, бірақ бұл ДСҰ ережелері тұрғысынан заңды болуы керек деп мәлімдеді.

Қазақстандық сарапшы өзінің Facebook парақшасында "ЕАЭО Батыс елдеріне жауап санкцияларын қолдануы мүмкін" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"Еуропалық авиакомпанияның ұшағын өртеген біз емес, Қырымды аннексияламадық, тіпті Навальныйды тұтқындаған да біз емес. Осылардың барлығы орын алғаннан соң да бізбен ешкім кеңеспеді, біріге шешім қабылдауға ешкім ұсыныс тастамады. Демек, жиынтық жауапқа біздің қандай қатысымыз бар?

Жалпы, біз халықаралық құқыққа қайшы келетін ешнәрсе жасаған жоқпыз. Сонымен қатар, үш онжылдықтың ішінде Қазақстан өзінің міндеттемелерін қалтқысыз орындай отырып, болжамды сыртқы саясаты бар бейбітшілікті сүйетін мемлекет имиджін ыждағаттылықпен қалыптастырды.

Бізге ЕҚЫҰ-ның төрағалығы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығы сеніп тапсырылды, шыны керек біз жай қол алысып отырған мемлекет емеспіз, құрметке иеміз. Қазақстан студенттері әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жатыр, инвесторлардың көпшілігі бізге үлкен сенім артады. Сондай-ақ біз АҚШ-тың елшілігін құм бөшкелерімен емес, гүлзармен қоршап тұрған әлемдегі санаулы елдердің бірі, тіпті болмаса біріміз. Бұл еліміздің қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіші.

Сонымен, біз ЕАЭО-ның қалған әлемге қарсы санкцияларына неге қосылуымыз керек? Біз Қырымда демалып жатырмыз ба, әлде қонған ұшақтарынан пайдаға кенеліп жатырмыз ба? Осы уақытқа дейін Одаққа мүше болу біз үшін жақсылығынан гөрі минусые көп көрсетті. Ешкім бұл интеграциялық бірлестіктен идеологиялық мазмұн іздемейді.

Біздің келіссөз жүргізушілер санкцияларға қосылмау құқығымызды қорғау үшін жеткілікті күшке, принциптер мен дәлелдерге сүйенеді деп үміттенемін. Жеке өзім, темір перденің артында отырып, өзгеге артылған жұмыстың жауапкершілігін алғым келмейді",-  деді Талғат Қалиев өз жеке парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер