Ақтөбеде автокөлік ұрлаған кімдер?

2972
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде "ВАЗ 2114" автокөлігін ұрлап, айдап кеткен, бір-біріне туыс екі күдікті ұсталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Соңғы айларда Ақтөбе қаласында ресейлік автокөліктерді ұрлау оқиғалары жиілеп кетті. Мәселен, 13 мамырда 8 наурыз көшесіндегі үйдің ауласынан ресей есебіндегі "ВАЗ 2115" маркалы автокөлік ұрланды. Екі күннен кейін Қонаев көшесіндегі үйдің ауласынан 49 жастағы ақтөбелікке тиесілі ресейлік нөмірлі "ВАЗ 2114" маркалы автокөлігін айдап кеткен.

Осы оқиғадан кейін аталған қылмыстарды ашу үшін арнайы топ құрылды. Олар 27 мамырда кезекті "ВАЗ 2114" автокөлігін айдап әкеткеннен кейін жалдамалы пәтерде бірге тұратын, бір-біріне туыстығы бар 26 жастағы екі күдіктіні ұстады.

Алдын ала тергеу барысында олардың бірінші ұрлаған автокөлігін Құрмыш ауданынан тапты, ал екіншісін бөлшектеп сатуға тапсырған, ал үшінші автокөлігін ұрлауға әрекет жасаған кезде полиция қызметкерлері оларды ұстап алды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған азаматтардың Ақтөбе қаласында осындай ұрлықтарды жасауға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер