Қытайда термоядролық реакторда  "Жасанды күн" 160 миллион градуспен рекорд жаңартты

3213
Adyrna.kz Telegram

Желідегі ақпараттарға зер салсақ, Қытай термоядролық реактордың тағы да бір жаңаша моделін ойлап тапты. Бұл құрылғыда жасанды күннің экстремальді температураны ұстап тұруы өзге құрылғыларға қарағанда 5 есе жоғары көрсеткішті көрсеткен.

«Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігі эксперименталды жетілдірілген құрылғыда плазманың температурасы 120 миллион градус Цельсийге жеткенін хабарлады.  Құрылғы осы температураны 101 секунд ұстап тұрды.

Сондай-ақ, эксперимент барысында мамандар құрылғыдағы температураны 160 миллион градусқа дейін де арттырған.  Бірақ осы жоғары температураны құрылғыда 20 секунд ұстап тұра алды.

Өткен жылы қытайлық мамандар EAST құрылғысының ішіндегі плазманы 100 миллион градусқа дейін қыздырды.  Құрылғыда осы температураны 20 секундтан артық ұстап тұра алмады. Ал бүгінгі уақытта "қытайлық жасанды күн" бұрынғыдан бес есе жоғары температураны көрсетіп, рекорд жасап отыр.

Осындай эксперименттерді АҚШ, Еуропа, Ресей және Оңтүстік Корея елдерінің мамандары жүргізеді. Сондай-ақ, Қытай Франциядағы ITER Халықаралық термоядролық эксперименттік реакторының мегажобасына қатысатын 35 елдің қатарында. Әр түрлі елдердегі эксперименттерді тікелей салыстыру қиын, өйткені құрылғылар әртүрлі тәсілдермен жасалған әрі әр түрлі жағдайда жұмыс жасайды.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер