Қазақстанға қытайлық вакцина жеткізілді

2585
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 1 маусым күні Алматыға коронавирусқа қарсы қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Sinovac Biotech Ltd компаниясы шығарған вакцина Қытайдан арнайы бортпен жеткізілді. Алғашқы партияда 500 мың доза бар. Бұл Қазақстандағы коронавирусқа қарсы төртінші вакцина болады. Оны Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келісімдердің нәтижесінде жеткізіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанға келген жаңа вакцина барлық екпе салу пункттерінде қолжетімді болады. Министрлік CoronaVac-ты мақұлдады. Енді қазақстандықтар QazVac, «Спутник V» пен Hayat-Vax-қа қоса коронавирусқа қарсы тағы бір екпені салдыртуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша «CoronaVac» препаратын кеңінен қолданады. Бұл – инактивті вакцина. Құрамында SARS-CoV-2 белсенді антигені бар. Бір доза - 0,5 мл. Вакцинаны араға 14-28 күн салып, екі рет салады. Сақтау температурасы - плюс 2-8 градус. Оны 18 жастан асқан адамдарға егеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер