Марста қиындыққа тап болды

1135

Іngenuity тікұшағы қызыл планетада қиындыққа тап болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) сайтына сілтеме жасап.

NASA мамандары тікұшақтың команда бойынша 10 метр биіктікке көтерілгенін және оңтүстік-батыс бағытта секундына 4 метр жылдамдықпен 150 метрге дейін ұшқанын айтты. Әрі қарай Ingenuity жерді суретке түсіру үшін оңтүстікке қарай тағы 15 метр, кейін солтүстік-шығысқа қарай тағы 50 метрге ұшып, қонуы керек болған.

Телеметрия Ingenuity алғашқы 150 метр учаскені еш кедергісіз ұшып өткенін көрсеткен. Бірақ кейін оның жылдамдығында ақау пайда болған. Бұл ұшу соңына дейін жалғасқан. Тікұшақ жылдамдығы бірде көбейіп, бірде азайып ұшу кезінде қиындық туған.

NASA тікұшақ бағдарламасында шамамен 54-ші секундта ақау шыққанын анықтады, ол камерадағы уақыт пен навигация жүйесіне теріс әсер еткен. Соған қарамастан Ingenuity-дің Марстағы алтыншы рет ұшу әрекеті сәтті деп саналады.

Мамандар ақаулар туралы барлық деректі мұқият талдайтындарын айтты.

 «Адырна» ұлттық порталы. 

Пікірлер
Редакция таңдауы