Перуашев Назарбаевқа ескерткіш соқтырып жатыр ма?

3192
Adyrna.kz Telegram

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың Елбасы Назарбаевтың келбетіне ұқсайтын ескерткіштің жанында түскен суреті желіде тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Желі қолданушылары «Ақ жол» партиясының өкілдерін Назарбаевқа ескерткіш қойып жатыр деп айыптауға көшкен.

Ал партия төрағасы Азат Перуашев телеграм каналында жұрттың көкейінде жүрген сұрақтарға ресми жауап берді.

«Желілерде жарияланған суретке байланысты түсетін сұрақтарға мынаны хабарлаймын. Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған бірнеше жұмыстарының қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын.

Қалғанының барлығы-әлдекімдердің сандырағы. Сәттілік тілеймін», - деп жазды Перуашев.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер