26 мамырдағы Айдың тұтылуы адам өміріне 18,5 жыл бойы әсер етеді

3041
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:45-тен 18:53-ке дейінгі аралықта Айдың толық тұтылуын көруге болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айдың толық тұтылуы Жердің көлеңкесі Айдың бойымен жылжып, Күн сәулесін жауып тұрған кезде болады. Көлеңке Айдың бетіне сырғыған кезде, ол ерекше қызыл жарқылға ие болады - бұл Жердің атмосферасындағы жарықтың иілуінен туындайтын әсері.

Қазақстан тұрғындары бұл астрономиялық құбылысты көрмейді, өйткені бұл күндізгі уақытта болады, бірақ Шығыс Азия, Австралия, Тынық мұхит пен Америка тұрғындары оны көре алады.

Айдың толық тұтылуы 14 минутқа, 17:12-ден 17:26-ға дейін созылады, оның шыңы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:18-де болады.

2021 жылы 26 мамырда Айға байланысты бірден үш астрономиялық оқиға болады: перигей, толық ай және айдың толық тұтылуы. Бұл дегеніміз, бұл күні жердегі адамдар «Супер Айды» толық ай Жерге 362 000 шақырым қашықтыққа дейін жақындағанда көреді. Бұл 2021 жылдағы «ең үлкен» Ай болады.

Астрологтардың пікірінше, 2021 жылғы 26 мамырдағы Айдың тұтылуы адам өміріне 18,5 жыл бойы әсер етуі мүмкін. Ол осы кезеңде бізге әсер ететін кармалық түйіндерді оятады. 2021 жыл – төрт тұтылу жылы: екі күн және екі ай. 26 мамырдағы Ай тұтылуы 2021 жылғы алғашқы тұтылу дәлізін ашып береді. Ол 2021 жылғы 26 мамырдан (бірінші ай тұтылуы) 10 маусымына дейін (екінші ай тұтылуы) жалғасады. Осы екі құбылыстың арасындағы алшақтық тұтылу дәлізі деп аталады. Осы кезеңдегі адам өміріндегі оқиғалар ғұмырлы болады деп саналады, ал қателіктерді бірнеше жыл бойы түзетуге тура келеді. Астрологтар тұтылу дәлізінің кезеңін мүмкіндігінше позитивті түрде өткізуге, жанжалдар мен қақтығыстардан аулақ болуға, сенімсіз және алаяқ адамдармен араласпауға кеңес береді. Мамыр айында Ай тұтылуы «Мерген» белгісінде болады. Бұл даналық пен жаңа білім алу уақыты. Жалпы Күн мен Айдың тұтылуы - бұл бір сәт тоқтап, өзіңізге және өміріңізге сырттай қарап, орындалмаған армандар мен жоспарларды жүзеге асыру үшін не істелгенін және не істеу керек екенін бағалайтын кезеңдер.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер