Қытай ғалымдары сымсыз «ми-компьютер» интерфейсін жасады

1893

Илон Маск маймылдар мен шошқаларға «ми-компьютер» интерфейсі арқылы (BCI) тәжірибе жасап жатқанда, Қытай хирургиялық араласуды қажет етпейтін өздерінің ұқсас технологияларымен жұмыс істеуде деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы 3dnews.ru сайтына сілтеме жасап.

Қытайға BCI-интерфейстеріне арналған сымды технологияларды жеткізуге АҚШ санкция енгізілгендіктен, бұл елдің ғалымдары оны сымсыз қолданбақ.

Азиялық аймақтық БАҚ хабарлағандай, Илон Масктың Neuralink сериялы интерфейстері жануарлардың миына электродтар имплантациялауды қажет етсе, қытайлықтардың ең соңғы дамуы мидың сигналдарын қабылдау мен түсіндірудің инвазивті емес баламасын ұсынатын жиналмалы бас киіммен басталды.

Қазіргі таңда Қытайдың Тяньцзинь университетінің инженерлер тобы өздерінің Braintalker чипінің ой күшімен мәтіндік командаларды теруге мүмкіндік беретін жаңартылған нұсқасын әзірлеуде. Ғалымдардың пікірінше, технологияның коммерциялық қолданысқа енуіне әлі уақыт керек, дегенмен ол қолданбалы коммерциялық әзірлемелердің талаптарына сай келетін «сапалы» ми сигналдарын оқуға мүмкіндік береді. Өткен жылы дәл осы топ компьютерге 108 команда жібере алатын, жоғары жылдамдықты жүйке интерфейсін жасаған болатын. Бұл бәсекеге қабілетті жүйелер ұсынғаннан үш немесе төрт есе көп.

«Ми-компьютер» интерфейсі технологиясы бүгінде АҚШ-тың Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының шектеулі бақылау тізіміндегі 14 маңызды даму жобаларының қатарында тұр. Технологиялық блокада Қытай зерттеушілерін өз жобалары үшін балама әзірлемелерді қолдануға мәжбүр етті.

ҚХР өкілдерінің айтуынша, мемлекет сымды нейроинтерфейстер саласында әлі де болса артта қалғанымен, Қытайдың инвазивтсіз шешімдері ақпаратты оқып қана қоймай, кері байланыс орната алады. Осылайша Чжэцзян университетінің медицина мамандары қытай ғалымдарының әзірлемелерін эпилепсия ұстамаларын тиімді бақылау үшін пайдаланады.

Сізге арзан бағамен компьютерлер қажет болса - Smakso.kz сайтынан ала аласыздар.

Тяньцзинь университеті сондай-ақ ғарышкерлерді даярлау орталығымен бірлесіп, аэроғарышта нейроинтерфейстер мен ақылды роботтарды қолдану мүмкіндігін зерттейді. Бұл жерде Braintalker чипі тайконавттардың жұмысын, әсіресе, ғарыш кеңістігінде айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін деп күтілуде.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы