«Олар Ресейдің дұшпаны». Жириновскийдің тізіміне кімдер кірді?

1889
Adyrna.kz Telegram

Ресей үшін жағымсыз һәм қолайсыз, «дұшпан» елдердің тізімін кеңейтуді ұсыныпты. Кім? Ресей Думасының жарым орыс, жарым жөйт депутаты – Владимир Жириновский!

Ресейдің либералды-демократиялық партиясының кәрісүйек, қубас басшысы осылай деп бастама көтеріпті. Ол бұл жолы Гүржістан, Польша мен Украинаны – Ресейдің «дұшпандары» тізіміне қосуды ұсыныпты.
Сонымен қатар, Владимир Жириновский: «Ресейге қарсы сөйлейтін, жала жауып, оны кінәлайтын кез келген шенеунікке қатысты санкция салу керек» деген ұсыныс айтқан.

«Мәскеу сөйлейді» радиостанциясының эфирінен Жириновский: «Ресейге жала жапқан, оған қандай да бір формада дөрекелік жасайтын 50 адамның тізімін жасау керек. Әлемнің түкпір-түкіпірінен...», - деп сөйлепті.
Айта кетейік, 14 мамыр күні Ресей үкіметі президент Путиннің жарлығына сәйкес, «Ресейге дос емес мемлекеттердің» тізімін бекіткен болатын. Оның құрамына АҚШ пен Чехия кірген.
Өткен жылдың тамызында Думаның даукес депутаты Владимир Жириновский: «Бұрынғы КСРО-ның барлық территорияларын Ресейге қайтарып алу» туралы бастама көтерген еді.

Өзінің сала-құлаш мәлімдемесінде Жириновский: «КСРО-ның барлық территорияларын Ресейге қайтару керек. Қатаң әрі батыл әрекеттерге бару керек. Барлығы Ресейдің құрамында боулы керек», - деп сөйлеген.
Айта кетейік, Владимир Житриновский соңғы 30 жылға жуық уақыт бойы ендігі қаңқасы үгіліп, келмеске кеткен КСРО-дан Тәуелсіздік жариялаған барлық мемлекетердің территориялық тұтастығына қарсы ашық империалистік үгіт жасап келеді.

Нұргелді ӘБДІҒАНИҰЛЫ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер