Елорда тұрғыны домофонға маза бермеген балаларды белбеумен ұрып тастады

7190
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтандық тұрғын жасөспірімді домофон үшін белбеуімен ұрып тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшада жарияланды.

33 жастағы елорда тұрғыны балалар оны домофонға қайта-қайта шақырғандықтан, өзін-өзі ұстай алмай, осындай әрекетке барғанын айтты.

Осылайша, ер адам пранк жасаушыларды белбеумен соғып жазалады.

"Бұл факт бойынша 33 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ол балалардың  ерсі әрекетінен кейін өзін-өзі ұстай алмайтынын түсіндіріп, соққылағанын айтты. Оқиғаның барлық қатысушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", деп хабарлады ПД.

Оқиға видеосы qarakz парақшасында жарияланды:

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KAZAKH_VIDEO 🇰🇿 (@qarakz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер