Назарбаевтың «Нұр Отандағы» бірінші орынбасары әрі кластасының баласы Байбек өзін суда таза, сүттен ақ етіп көрсеткісі келіп отыр. Оның Ахметовтер отбасымен ортақ бизнесі жоқ па? Туған-туыстары мемлекеттік тапсырыс алмай жатыр ма? Зейнеткер әке-шешесі ірі бизнес орталықтардың иесі емес пе? Мектеп, бала-бақша салдырамын деп жерді жекеменшікке сатып жіберген жоқ па? Алматының трамвай депосының жерін талан-тараж етпеді ме?
Алдағы сот процестерінде Байбектің бүкіл былығы мен өтірігін, «Нұр Отанның» нағыз жемқорлар партиясы екенін, бұл саяси ұйым мен оны басқарушылардың халыққа қарсы қандай қылмыстар жасағанын түгел айтамыз. Одан кейін өзін «жемқор емеспін» деп көрсін.
Осыны сезсе керек, Байбек өзінің боттары мен жағымпаздарын бізге қарсы ақпараттық соғыста пайдаланып жатыр. Ішінде «жерді шетелдіктерге жалға беруді қолдаған» депутаты, сарайдың айтыскер ақыны, белгілі -белгісіз біршама персонаждары жүр. Соларға айтарым: елдің қазынасын тонап, бүкіл халықты қанап, алдап отырған ұлт сатқындарының сойылын қалай соғып жүрсіңдер? Естеріңде болсын, биліктегі ұры — қарыларды қолдау — тура солар сияқты қылмыскер болу деген сөз. «Білмей қалдық, көрмедік» демеңдер. Байбектер елге қарсы қалай жұмыс жасаса, сендер де тура сондай қылмыскерсіңдер.
«Нұр Отанның» соты (оны тағайындаған сол партияның басшысы емес пе?) бізге қарсы шешім шығарса да, халықтың сотында Байбек қазірден-ақ жеңіліп тұр. Ол анық нәрсе. Соны «нұр отандық» жантықтарға жақсылап тұрып жеткізе беру керек.
"Адырна" ұлттық порталы