Бәйдібэкспо деген ат бар: Еліміздегі ең ерекше есімдер анықталды

1330

Еліміздегі ерекше есімдер анықталды. Олардың арасында Бәйдібекэкспо, Саммит сынды есімдер бар. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз баланың дүниеге келген уақытына қарай Наурызбай, Боранбай, Жолдыбай деген есімдер берсе, бүгінде сәбиге қойылатын ерекше есімдер мүлдем басқа. Мысалы Қазақстанда тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындары уақытында елімізде туған 40 нәресте Азияда есімін иеленген.

Сондай-ақ елімізде Саммит есімді 22 ер бала, Саммита атты үш қыз, 15 Саммитхан бар. Мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды қалт жібермейтін әулеттерде Астана, Нұрлыжол деген есімдер де кездеседі.

Ал Ырсымовтар әулетінде 2017 жылы дүниеге келген баланың есімі – Бәйдібэкспо қойылған.

Статистикалық агенттіктің ақпаратына сүйенсек соңғы уақыттардағы ерекше есімдердің тізбегі мынадай: Ромео, Теңіз, Эдельвейс, Ақсақал Арыстанбек, Саммидастана, Эверест. Сонымен қатар 27 Мәслихат, 21 Мәжіліс, 13 Нұрлыжол, 9 Нұротан, 7 Сенат, 7 Партия атты отандасымыз бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы