Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде бірлескен жаттығулар өткізіп жатыр

943

Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштері мен Ресей Әскери-теңіз күштерінің бірлескен жаттығулары өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін, 20 мамырда ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жаттығулар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі экономикалық қызмет объектілерін қорғауға арналған. Айта кетейік, Қазақстан Каспий теңізінің солтүстігінде алып Қашаған мұнай кен орнын игеруде.

«Қазақстанның Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының жедел басқару тобымен, теңіз базасының бөлімшесімен, «Орал» және «Маңғыстау» зымырандық-артиллериялық кемелерінің экипаждарымен және «Жайық» гидрографиялық кемесімен ұсынылған. Сонымен қатар алдыңғы шептегі авиация мен армияның авиация тікұшақтары қатысады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бірлескен жаттығуларға Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов жетекшілік етеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы